spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 1342 адам арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұрады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған 10 мекеме бар. Олардың ішінде 5 мекеме – қарттар мен мүгедектерге, 4 мекеме – психоневрологиялық аурулары бар ересек адамдарға, 1 мекеме – психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған.

Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ресми мәліметіне сәйкес, бұл стационарларда өңір бойынша 1342 адам тұрып жатыр. Олардың ішінде 330 қарт адам, 102 мүгедек, 863 психологиялық аурулары бар ересек адам, 47 мүгедек бала бар.

Басқарма бастығының орынбасары Алтын Ақбарованың айтуынша, бұндай орталықтардың барлығы физиокабинеттермен, емдік дене шынықтыру бөлмелерімен, еңбек терапиясы кабинеттерімен, кітапханалармен жабдықталған.

Оған қоса облыста 2811 адам үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметті пайдаланып отыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық шенеуніктерге заң бұзушылық үшін 18 айыппұл салды

Департамент 2024 жылдың I тоқсанында 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img