spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Экология және табиғи ресурстар министрі Астана Халықаралық мектебінде

Сондай-ақ...оқыңыз

Астана қаласындағы Халықаралық мектепте Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовамен кездесу өтті, деп хабарлайды Aqmolanews.

Астана қаласындағы Халықаралық мектепте «Даналық бейсенбі» жобасы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовамен кездесу өтті.

Министр мектептің құрылымымен, жабдықталуымен танысқан соң, шараның негізгі бөлімі басталды. 7-11 сынып оқушылары қатысқан кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Оқушылар министрге жобаларын таныстырып, жоспарларымен де бөлісті. 3-сынып оқушысы Сафия Ускенбаева тұрмыстық қатты қалдықтарды іріктеу бойынша жобасын таныстырды. Ал мектеп президенті экоклуб ашуға ниетті екенін жеткізді:

— Құрметті Зүлфия Сүлейменова, осы кездесуге уақытыңызды бөліп, пайдалы ақпараттар айтқаныңызға барлық оқушылардың атынан алғысымды білдіремін. Сіздің жұмысыңызға, болашақ жобаларыңызға тек сәттілік тілеймін. Мен де мектеп президенті ретінде келесі оқу жылында мектебімізде экоклуб ашуды жоспарлап отырмын, — деп бөлісті мектеп президенті, 11-сынып оқушысы Дильназ Шалабаева.

Халықаралық мектеп оқушылары министрге өзен-көлдердің, Каспий теңізінің тартылуына, елімізде, Астана, Теміртау қалаларында ауаның ластануына, электр энергиясын өзге де экологиялық тұрғыдан таза жолдармен өндіруге қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ экологиялық мәселелердің шешудің тәсілдері жайында да сұрады.

— Меніңше, бүгінгі кездесу өте жақсы өтті. Шынымды айтсам, осындай сұрақтар қойылады деп күтпеген едім. Жастар экология мәселелеріне қызығушылық танытады екен. Оқушылар қиын, кешенді әрі өзекті сұрақтарды қойды. Мені көмір және атом арқылы электр энергиясын өндіру сұрағы таң қалдырды. Оқушылар бұған немқұрайлы қарамайды. Сондықтан экология мәселесі жылдан-жылға түзеле бермек, — деді Зүлфия Сүлейменова.

Кездесу соңында қос тарап сыйлықтармен алмасып, Астана Халықаралық мектебінің директоры Айдар Булатов министрге жылы лебізін жеткізіп, шараны түйіндеді:
— Біздің мектептің миссиясы – тек қана өз елін, жерін ғана емес тұтас әлемді ойлайтын әлем азаматтарын тәрбиелеп шығару. Сондықтан осы ретте сіз біздің оқушыларымыздың басым көпшілігіне үлгісіз. Сізге сәттілік тілейміз!


- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img