spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

Болашақ чемпиондар Степногорск қаласында тәрбиеленеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Құрылған күннен бастап Бөгенбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі өзінің көп жылдық тарихында Әлем чемпионаттарының 15-тен астам чемпионы мен жүлдегерлерін шығарды.

Спорттағы дарынды балаларға арналған Бөгенбай батыр атындағы облыстық мектеп-интернат-колледжі 1999 жылы ашылған. Сол жылы мектеп іргетасы жаңадан қаланып, бүгінгі күнге дейін бірталай спортшыларды тәрбиелеген ірі ордаға айналды. Бастапқыда айтарлықтай қиындықтар болды. Мысалы, арнайы спорт залдар, жаттығуға арналған жабдықтар  болмаған. Бірақ жыл сайын материалдық-техникалық база жаңартылып, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы нығая берген. Бүгінгі таңда оқу орны кәсіби спортшыларды дайындайды. Осы жерден көптеген ұл-қыздар бірден ұлттық құрама қатарларына қосыла алады. Бұл жерде спортшылар резервке дайындалады.

Бүгінгі таңда мектеп-интернат колледжінде 6 спорт бөлімі жұмыс істейді, бұлар – ауыр атлетика, бокс, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, жүзу. Спорт ордасында барлығы 200-ге жуық жасөспірім, ұл мен қыздар жаттығады. Өткен күзде «спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы» мамандығы бойынша алғашқы студенттер жұмысқа қабылданған. Мекеме басшысының мәлімдеуінше жаттықтырушылар мен жұмыс сапасы бүгінде айтарлықтай жақсарған. Әр жұмысшы өз ісінің маманы және әр баланы дайындауға ерекше тәсілдер мен методикаларды қолданады.

Бүгінде біздің мектеп-интернат колледжде 16 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді, олар: Шевченко Сергей Петрович (ауыр атлетика) және Исенов Мағзум Сәлімжанович (бокс)  – Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген жаттықтырушылары,  3 жаттықтырушы-оқытушы – ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері,  2 – КСРО спорт шебері  және 5 – ҚР спорт шебері. Әрқайсы өз ісінің маманы. Балалардың спорттың негізгі талаптарына үйретіп, чемпион болуға тәрбиелейді. Жаттықтырушы-оқытушылардың орташа жалақысы 220 000 теңге,- деп атап өтті Бөгенбай батыр атындағы ООРММИК  директоры  Ерік Бекімұлы Жапаров.

Тұрақты қаржыландырудың арқасында интернат колледжінде заманауи жүзу бассейні, күрес, бокс және ауыр атлетика залдары бар. Медициналық-қалпына келтіру орталығы жеке жұмыс істейді. Спорт залдары оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге арналған  құрал-жабдықтармен және қосымша қажеттіліктермен толықтай жабдықталған. Спорттық формамен интернаттың жетекші спортшылары қаржыландыруға қарай қамтамасыз етіледі. Сондай – ақ, шағын футбол алаңдары мен ормандағы серуендеу жолдары бар. Спорт сарайының залдары арнайы сабақтар үшін де қолданылады.

  • Біздегі негізгі мақсат болашақ чемпиондарды дайындау. Соған байланысты барлық қажеттіліктерді толықтай қамтамасыз етуге қолымыздан келген шараларды атқарып жатырмыз. Теориялық-физикалық тұрғыдан ғана тәрбиелеп қоймай, спортшылардың бойында ержүректілік, намыс, табандылық сынды қасиеттерді қалаптастыруға тырысамыз,-деп толықтырды сөзін Ерік  Жапаров

Мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілерінің тұрақты жетістіктерін атап өтер болсақ: 23 жыл ішінде мектеп-интернат-колледжін 568 түлек бітірді. ОШИОСД құрылған сәттен бастап 3 Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген спорт шебері, 16 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 67 Қазақстан Республикасы спорт шебері, 559 спорт шеберіне кандидат, 417 спортшы I разрядты ересектер нормативін орындады, 23 жыл ішінде 248 оқушы-спортшы Қазақстан Республикасы құрамаларының ұлттық командаларының құрамына енгізілді. Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен спартакиадаларының жеңімпаздары-501, Азия чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері-39, Азия және Еуразия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері-23, «Азия балалары» халықаралық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері-3, жасөспірімдер олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлері – 4, әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері-16, Олимпиада ойындарының қатысушылары мен жүлдегерлері – 2.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img