spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
15 C
Kokshetau

Әлеуметтік мәселелер басымдыққа ие

Сондай-ақ...оқыңыз

1200-ден астам болашақ орта персонал дәрігерлері Көкшетау жоғары медициналық колледжінде білім алып жүр. Оқу ордасында медицина қызметкерлерін 8 мамандық және 9 біліктілік бойынша даярлайды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев колледждің оқу үдерісімен және материалдық-техникалық базасымен танысып қайтты, – деп хабарлайды AqmolaNews ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы колледжбен танысуды оқу операциялық бөлмесінен бастады. Бұл жерде студенттерге операция кезінде қалай жұмыс істеу керектігін, қандай медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектер қолданылатынын үйретеді. Олар хирургия мен емдеудің барлық негіздерін дәл осы жерде игереді. Содан кейін студенттер білген-түйген білімдерін тәжірибеде тікелей медициналық мекемелерде бекітеді. Жалпы алғанда, соңғы жылдары колледжде материалдық-техникалық база айтарлықтай нығайтылып, кадрлық әлеует жақсарған, жоғары технологиялық манекендерді пайдалана отырып, клиникалық пәндерде симуляциялық технологиялар кеңінен қолданылады. Дуалды оқыту элементтерін қолдана отырып және медициналық ұйымдармен әлеуметтік әріптестік қағидатын дамытып, үздіксіз медициналық білім берудің өзекті міндеттері шешіледі. Бұл өз кезегінде студенттерді, яғни болашақ дәрігерлердің назарына ілінеді.

«Бізде жергілікті бюджет есебінен 542 студент, республикалық бюджет есебінен 55 студент білім алып жүр. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 187 студент , ал 438 адам өз есебінен оқып жүр. Бұл қызығушылықтың барын көрсетеді. Аудан әкімдерінің гранттары бойынша да оқитын 23 студент бар. Өткен жылы бізде 217 студент бітіріп, оның 190-ы жұмысқа орналасты, яғни 88%. 2023 жылы колледжді 376 түлек бітіреді деп жоспарланып отыр», – деді Көкшетау жоғары медициналық колледжі директорының міндетін атқарушы НазгульСергалиева.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев колледж медицина мамандарын даярлауда және кадр тапшылығы мәселесін шешуде маңызды орын алатынын тілге тиек етті. Сондықтан оқу ордасындағы сапалы білім деңгейін ұстап тұру және түлектердің жұмысқа орналасуын одан әрі жақсарту қажет.

«Өңірдің медицина саласына арналған кадрлар ұясы – Көкшетаудағы осы медицина колледжі. Әр мезгіл сайын оқыту жабдықты жаңартып отыру қажет. Медицина жыл сайын алға жылжуда. Жас мамандарды тарту, ұрпақтар сабақтастығын жолға қою керек. Сондықтан кадр саясаты да өте маңызды, әсіресе түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Dakon» ЖК мүгедектер арбалары мен тігін бұйымдарын өндіру шеберханасына барды. Онда Ермек Маржықпаев өз ісін жолға қойып, белсенді қоғамдық жұмыстар жүргізіп, басқаларға оң үлгі көрсетіп жүрген қаланың мүмкіндігі шектеулі тұрғындарымен тілдесіп қайтты.

Рамазан Мұқатаев дене мүмкіндіктері барлық шектеулі адамдардың проблемаларын жақсы біледі және оларды шешуге тікелей атсалысып жүр.

«Бізде пікірлестер мен көмекшілер өте  көп.  17 адамнан тұратын команда жинадық. Тапсырыстарды белсенді әрі жылдам жинап шығамыз. Арбаларға, тігін машиналарына қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша логистика жұмыстары жолқа қойылды. Әрине, процесс оңай емес, бірақ біз ерінбей жұмыс істеуге дайынбыз» , – дейді Рамазан Сапарұлы.

Айта кетейік, «Dakon» жеке кәсңпкерлі 5 миллион теңге көлемінде гранттық қаржыландыру алған болатын.

« Бұл қаражатқа біз қосымша жабдықтар, құралдар, дәнекерлеу аппараттарын сатып алдық. Біз қазір дәнекерлеумен жұмыс істеу керек арбаларды жөндеуге күрделі тапсырыстар алуға қауқарымыз жетеді. Бөлінген грант аясында біздің ұйым біршама аяққа тұрды, бірақ осындай жобалар ұзақ мерзімді болса деймін», – деп толықтырды сөзін кәсіпкер.

Өз кезегінде облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындары мемлекет тарапынан қолдаусыз қалмайтынына және олардың мәселелері міндетті түрде  шешілетініне сендірді. Ақмола облысы бойынша «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығына, әдетте, ересектер тарапынан зорлық-зомбылық пен қысымға ұшыраған балалар түседі. Орталық өз қызметін 2017 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Ол мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істейді, бұл мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсетуге мүмкіндік беретін өңірдегі бірден-бір мекеме. Орталық тәулік бойы жұмыс істейді, консультациялық қызметтер үшін сенім телефонының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылған. Басшы Әсем Асайынова айтып өткендей, психологтар мен педагогтар қоғамдағы тағдыр ауырпалығына тап болған жандарды әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыс жүргізеді. Орталық тұрғындарына психологтың консультациясы мен жұмысы, психологиялық зерттеу жүргізіледі. Қазір бұл жерді 28 бала мекен етіп отыр, олардың 18-і өмірлік қиын жағдайға тап болды,  10-ы аналарымен бірге келгендер.

«Балалар орталықта болған кезде олармен психологтар, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс мамандары, заңгерлер жұмыс істей бастайды. Әрқайсына жеке көмек көрсетіледі. Тәрбиешілер баламен жүйелі кері байланыс орнатып, балғындар бос уақытта әртүрлі іс-шараларға қатысады. Баланың уақыт өте келе өзгере бастағанын байқаймыз.Ұзақ сот процестерінде отбасы мен балалар арасында көп жұмыс жасаймыз. Бұл жағдайда баланың өзін жайлы сезінуі және қорықпауы өте маңызды. Отбасында қиын жағдай болмас үшін біздің әріптестер аудандарға барып, түрлі тренингтер мен семинарлар өткізеді», – деп түсіндірді «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығынының директоры Әсем Асайынова.

Ермек Маржықпаев орталықтағы балалармен және психологтармен сөйлесті. Ол орталық пен балалар билік тарапынан қараусыз және қолдаусыз қалмайды деп сендірді. Бұл үшін бюджеттен жыл сайын тиісті қаражат көлемі  көзделеді.

Камила Әбделманова

Фото: Айбек Даньяров

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img