spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
2.9 C
Kokshetau

Өңірде ақ халатты абзал жандар саны  87 маманмен толықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының медициналық ұйымдарына 87 жас маман жұмысқа орналасты. Десе де, аймақта әлі  240-тан астам дәрігер маманы тапшы. Медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі қалай шешіледі? Дәрігер мамандарының тапшылығын қалай азайтуға бола ма? Бұл туралы «AqmoaNews» тілшісі біліп қайтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Нұрлан Ахильбеков атап өткендей, жыл сайын медицина саласына 300-ге жуық грант бөлінеді, оның ішінде резидентурада оқуға 35 грант, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға 50 грант, орта буын медицина қызметкерлеріне 190 грант. Орта буын мамандарын даярлауды және қайта даярлауды өңірді 8 мамандық бойынша медбикелерімен, фельдшерлермен қамтамасыз ететін Көкшетау жоғары медициналық колледжі жүзеге асырады. Одан жылына 200-ге жуық жас маман даярланады.

«Қазір Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау университетінде 740 студент оқиды, оның ішінде Ақмола облысы әкімінің гранттары есебінен 200 студент білім алып жүр. Жалпы, биыл облысқа 87 жас дәрігер келді. Оларды ынталандыру үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда. Мысалы, биылғы жылы жас мамандарға көтерме төлемдердің аудандық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1,5 миллион теңгеге дейін және ауылдық жерлерде 2,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылғанын атап өтуге болады. Бүгінгі таңда 32 миллион теңге сомасына 17 маман қаражат алды, қалғандары бойынша комиссия отырысы өткізілуде. Қазір дәрігерлік персоналда орташа жалақының 30% – ға, орта медициналық персоналда 20% – ға және кіші персоналда 15% – ға өсуі байқалды. Өсімді ескере отырып, дәрігердің орташа айлық жалақысы 410 мың теңгені, орта медициналық персонал 239 мың теңгені құрады», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков.

Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында қолдау көрсетіледі. Қолдаудың осы түрі бойынша 75 медицина қызметкері жалпы сомасы 22,9 млн. теңгеге көтерме қаражат алды. Тұрғын үй алуға берілген несиені жалпы сомасы 242,9 миллион теңгеге 54 адам пайдалану мүмкіндігіне ие.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img