spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
13.7 C
Kokshetau

2024 жылға дейін 38 жаңа денсаулық сақтау нысаны пайда болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы төңірегінде үш медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Келер жылы өңірде 9 амбулатория мен медициналық пункт толық жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға көп көңіл бөлінеді. Толығырақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков өңірлік коммуникациялар қызметінің ақрапаттық алаңында өткен брифингте айтып берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы атап өткендей, денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында биылғы жылға күрделі жөндеу жүргізу үшін 11 жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 130 миллион теңге бөлінген. Қазір Целиноград ауданының Қоянды ауылында МСАК орталығының, Новосельское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің және Атбасар ауданының Сочинское ауылында медициналық пункттің құрылысы жалғасып жатыр.

«Денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын жақсарту үшін 2023 жылға 2,2 миллиард теңге бөлінген. 2023 жылға 9 нысанға күрделі жөндеу жүргізу үшін 1,3 миллиард теңге бөлініп, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 390 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ, Біржан сал ауданының Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухана салу үшін 500 миллион теңге бөлінді. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында 2023-2024 жылдарға облыстың 14 ауданында 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспарланған. Басқаша айтқанда, 28 жаңа нысан мен 10 апатты жағдайда тұрған  ғимарат жаңартылад», – деп түсіндірді Нұрлан Ахильбеков.

Мұның бәрі 50 мың ауыл тұрғыны үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 240 мыңға жуық ауыл тұрғындарын мамандандырылған медициналық көмекпен қосымша қамтамасыз ету жоспарда бар, бұл «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осы міндетті іске асыру үшін екі аурухананы көпбейінді орталық аудандық ауруханаларға, атап айтқанда: жақын маңдағы 2 ауданнан 116 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін Бұланды аудандық ауруханасына, сондай-ақ жақын маңдағы 4 ауданнан 120 мыңнан астам халыққа қызмет көрсететін Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасына түрлендіру жолымен жаңғырту мәселесі пысықталу үстінде. Ауруханалар күрделі жөндеу жүргізу, тиісті бөлімшелерді ашу үшін ғимараттарды реконструкциялау, медициналық жабдықтармен, оның ішінде: КТ, МРТ, ангиографтармен, сараптамалық сыныптағы УДЗ аппараттарымен, реанимация бөлімшелері мен операциялық бөлмелерге арналған жабдықпен жарақтандыру жолымен жаңғыртылатын болады.Сондай-ақ, осы жылы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша жұмыстар жасалды. Медициналық ұйымдар бір миллиард теңгеден астам сомаға 43 бірлік жабдық сатып алды.2024 жылға дейін 38 жаңа денсаулық сақтау нысаны пайда болады деп сендірді облыстық денсаулық басқармасы.

Камила Әбделманова

фото: BAQ.KZ

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық ардагерлер Жеңіс күніне 3 миллион теңгеден алады

Биыл   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай облыс майдангерлеріне төленетін төлемақы ұлғайтылып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден алады. Елімізде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img