spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
11.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында ҚР Президентінің атынан жаңа жылдық шырша өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

25 желтоқсанда «Bolashaq sarayi» Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты Жаңа жылдық шырша өтті.

Жаңа жылдық мерекеге жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар, мектепте оқуда, спортта, қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қонақ болды.

Әр балаланы кіреберісте ертегі кейіпкерлері күтіп тұрды. Балалар кейіпкерлермен фотоаймақта естелік суретке түсіп, кейін таңғажайыпқа толы мерекелік залға өтті. Осылайша, балақайлар жаңа жылдық сиқырды есіктен кіре сезіне алды.
Жаңа жылдық іс-шараның қызықты бағдарламасына ертегі кейіпкерлерімен театрландырылған қойылым, конкурстар мен ойындар кірді.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев балаларды жаңа 2023 жылмен құттықтады.

«Баршаңызды келе жатқан жаңа 2023 жылмен құттықтаймын!
Биылғы жылды біздің Президентіміз «Балалар жылы» деп жариялады. Сендердердің жақсы оқып, уақыттарыңды пайдалы өткізе алуларың үшін біз 70-тен аса мектеп пен балабақша салып, жөндеу жүргіздік. 500-ден артық үйірмелер мен секциялар аштық. 60 заманауи автобус сатып алдық. Осы жылдан бастап сендердің үздіктерің қала сыртындағы «Сұңқар» кешенінде демалып, сауыға алатын болды.

Әр балаға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттар, көркем кітаптар және «тәтті сыйлық» түріндегі сыйлықтар жинағы табыс етілді.

Мереке соңында үздік жаңа жылдық костюмдер аталып өтіп, балаларға сыйлық сертификаттар табысталды.

Жаңа жылдық ертегі жас қатысушыларға ғана емес, ересектерге де ұнады. Мерекелік шырша, мерекелік декорациялар мен кейіпкерлердің костюмдері спектакльге көбірек сиқыр бергендей.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img