spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
11.1 C
Kokshetau

Өңірдің белсенді еріктілерімен кездесу өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Жыл сайын желтоқсан айының 5 жұлдызында Халықаралық еріктілер күні атап өтілетіні беймәлім. Бұл мереке, еріктіліктің қоғам игілігі үшін өтеусіз көмек сияқты маңызды іске жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.

Аталған мерекеге орай, Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жыл қортындысын анықтай отырып, жыл бойы белсенділік танытқан волонтерлермен кездесу ұйымдастырды. Аталмыш шараға облыстың 50-ге жуық волонтерлері қатысты.

Волонтерлер жыл бойы өткізілген өз іс-шаралары мен жаңа жобаларын ұсынып, облыстың фронт – кеңсе мамандарымен тәжірибе алмасып, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасарынан 2022 жылғы Волонтер конкурсының 4 номинациясы бойынша алғыс хаттармен марапатталды. Бұл «Жас ерікті – 2022», «Жыл еріктісі – 2022», «Кәсіби ерікті-2022» және «Отбасылық еріктілер». Сонымен қатар, волонтерлер ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліден және «Ұлттық волонтерлік желі» атқарушы директоры, Республикалық волонтерлер фронт-кеңсесінің басшысы Миронюк Татьяна Андреевнадан алғыс хаттармен марапаталды.

«Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету» – деп атап өтті ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев.       Жыл сайын еріктілерге ерекше көзқарас қалыптасады. Әрбір ерікті, волонтерлер қозғалысына өз еркімен келіп, күш-жігерлерін аямай, көптеген көмекке жүгінген жандарға жәрдемдесуде.

 

                         

 

                      

                           Ізгі құрметпен, Ақмола облысы

              Ішкі саясат басқармасы

                               Ақмола облысы жастар-ресурстық

                          орталығының баспасөз қызметі

              (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img