spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
10.2 C
Kokshetau

Облыс орталығында ҚР прокуратурасы күніне орай салтанатты шара өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау мәдениет үйінде Қазақстан Республика прокуратурасы күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға өңір басшысы Ермек Маржықпаев пен Ақмола облысы прокуроры Айдос Майлыбаев, және тағы басқа да аймақтың зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты шара шымылдығын облыс әкімі Ермек Боранбайұлы ашты. Өз сөзінде ол прокуратура саласы қызметкерлері жұмысының маңызы мен ел дамуына қосар зор үлесі жайлы айтып өтті.

 

«Құрметті прокуратура органдары қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Прокуратура-еліміздің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізгі кепілі. Ведомство жұмысының негізгі қағидаты халық атынан қызмет ету болып қала бермек. Әсіресе Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап республика аумағында заңдылықты сақтауды өз мойнына алған прокуратура органдары халқымыздың сенімді тірегіне айналды. Биылдың өзінде 326 мыңға жуық азаматтың құқықығы қорғалды және бұл осы билік институтының ерең еңбегінің айғағы.Сондай-ақ, заңдылықты нығайтуға зор үлес қосқан ардагерлерімізді де атап өткім келеді. Олардың ішінде прокуратура органдарында 40 жылға жуық жұмыс істеген ақсақал – Бекболат Сәдуақас, Бақыт Сұлтанов – 30 жыл, Гүлнар Сағынова – 30 жыл, Виктор Афанасьев – 27 жыл және тағы басқалары ерекше құрметке лайық»,-деп атап өтті облыс әкімі.

 

Мерекелік шараға келген ардагер прокурор Николай Количенко жас кезінен осы мамандыққа ғашық болып, бар ғұмырының біраз бөлігін заң саласына арнаған көрінеді. Жасы 83-ке таяған ақсақал прокурор қызметінде 17 жыл қызмет еткен.

 

«Алдымен СҚО Айыртау ауданы прокуратурасының тергеушісі болдым, кейін осы қызметте прокурордың көмекшісі болып тағайындалдым. Тағы 5 жыл Валиаханов ауданының прокуроры болып жұмыс істедім. Органдарда барлығы 17 жыл қызмет еттім. Прокуратура үнемі ел мүддесі үшін қызмет жасайды, елдегі заңдарды, тәртіпті сақтауды қадағалайды. Сондықтан мен осы саланың барлық қызметкерлеріне сәттілік, денсаулық ,адалдық  пен тәртіп сақтауды тілеймін»,- деп жүрек жарды тілегін білдірді ардагер прокурор Николай Количенко.

 

Салтанатты шара барысында облыс прокуроры Айдос Майлыбаев та әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, үздік қызметкерлерге көтермелеу тәртібінде мерзімінен бұрын сыныптық шендер табыстады. Еңбек жолында ерекше ынтасы мен адалдығымен ерекшеленген мамандар да төс белгімен марапатталды.

 

«Прокурорлар заңдылықты қамтамасыз ету жолында мыңдаған адамдардың, бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғап, мемлекет мүддесі үшін миллардтаған шығындарды қайтарды. Жалпы Ақмола облысы прокуратурасының бірлескен жұмысын басшылық жоғары бағалап, қызметкерлерімізді түрлі марапаттар мен сыныптық шендермен марапаттады. Облыс прокуратурасының ғимараты жөндеуден өтіп, бірсыпыра қызметкерлерге пәтерлер, автокөлік кілттері табысталды. Мемлекет тарапынан осындай қолдауға ие болған прокуратура қызметкерлері алдағы уақытта да белсенді қызмет жасайтынана сенімдімін.»,- деді Ақмола облысы Айдос Майлыбаев.

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университтінің ректоры Марат Сырлыбаев облысымыздың прокуратура саласы жыл сайын түлектерді жұмыспен қамтып отырғанын тілге тиек етіп Айдос Серікханұлына алғыс хат пен төс белгі табыстады. Мерекелік шара әдемі оркестр сүйемелдеуімен болған концертпен жалғасты. Көкшелік таланттар әдемі өнерімен көрермен назарын жаулады.

 

 

 

Камила Әбделманова

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img