spot_img
Сенбі, Тамыз 22, 2026
26.2 C
Kokshetau

«Абайтану» V Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі аяқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» V Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі онлайн түрінде өтті.

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.

Олимпиаданың мақсаты – М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиадаға өңірдің 9 ауданынан, Көкшетау және Қосшы қалаларынан, сондай-ақ, Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатынан және Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатынан 28 оқушы қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар эссе жазды, екінші кезеңде Абай Құнанбаевтың шығармалары, сондай-ақ, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, грамоталармен марапатталды.

І-дәрежелі диплом иегерлері Сьезбек Шалхар, Мұса Ұлас, Аленхан Дильназ V «Абайтану» олимпиадасының республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

Құттықтаймыз! Келесі турда сәттілік тілейміз!

Облыстық кезең жүлдегерлерінің толық тізімін Ақмола облысы білім басқармасының ресми сайтынан көре аласыздар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп жаңарды

Зеренді ауданындағы Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Жаңарған білім ордасы енді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика