spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Жас ақмолалық вайнерлер үздік бейнеролик жасауда бақ сынасты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылдың 25 қарашасы күні «Қымбат маған өмірім!» облыстық сырттай вайн-бейнероликтер байқауы өткізілді.

Іс-шара оқушылардың темекі шегудің, нашақорлықтың өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсері туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған.

Байқауға Ақмола облысының 13 ауданы және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 8-11 сынып оқушылары қатысып, барлығы 45 вайн-бейнеролик қарастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар бейнероликтер жасауға жауапкершілікпен қарады. Бейнелер әртүрлі болды, кейбіреулері танымдық, басқалары жарнамалық, тәрбиелік. Қатысушылар минироликтің негізгі міндетін орындады-бірнеше секундтың ішінде мағынаны жеткізді.

Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі
орындарға ие болды:
1 орын – Тулегенова Аймира, Бурабай ауданы, Ақылбай а.НМ;
1 орын–Алтынбеков Рауан, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, «Арман» БЖШО «Арман ТV» балалар телеканалы;
2 орын – Қайыржан Айгүл, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №8 ЖОББМ;
2 орын – Марков Антон, Біржан сал ауданы, Заураловка а.НМ;
3 орын –Тажиденов Диас, Көкшетау қаласы, Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі;
3 орын – Сулеймен Лаура, Жақсы ауданы, Кировское а. ЖОББМ.

Грамоталармен марапатталады:
Буздуган Тимур – Жақсы ауданы, Жақсы а. №2 ЖОББМ;
Атымтаев Арсен – Қорғалжын ауданы, Қорғалжын а. мектеп-гимназиясы;
Кириленко Татьяна – Есіл ауданы, Есіл қаласы №2 НМ;
Ананьева Алина – Сандықтау ауданы, Балкашино а. №1 ЖОББМ;

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен, жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады.

Құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық табыс тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img