spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Тіл жанашыры Қаратай Төлекеевтің шығармашылық кеші өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Саналы ғұмырын қазақ тілін дамытуға, оның қолданыс аясын кеңейтуге арнап келе жатқан ақмолалық бір туар азамат Қаратай Төлекеевтің шығармашылық кеші жоғарғы деңгейде өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ана тілім-тірегім, тілімменен түледім» атты кешке өңірдің зиялы қауымы мен елордамыз Астана қаласынан да келген қонақтар қатысып, қаламгердің шығармашылығы мен болмысына қатысты ой-пікірлерімен алмасты, жүрек жарды тілектерін білдірді.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы редакциялық баспа басқармасының басшысы Дәулеткерей Атауұлының айтуынша, Қаратай Төлеекевтің тіл жанашыры ретінде елге сіңірген еңбегі орасан зор.

«Бүгінгі кеш өте мағыналы. Себебі, бұл-қазақ әдебиеті мен тілінің, қазақ әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі жанашырының кеші. Сондықтан да, біз елордадан ат терлетіп, әдейі келдік. Қаратай Бәйкенұлының қазақ халқы үшін сіңірген еңбегі зор. Қазақта ел ішін бүлдірген адамды алабайға теңейді, қазақ тілін түзеймін деген адамды Қаратайға теңейді деген сөз де бар»,-дейді Құсайынов Дәулеткерей.

Қаламгердің өңірдің мәдениеті мен әдебиетінің дамуына елеулі үлек қосқаны үшін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова кеш иесіне облыс әкімі Ермек Боранбайұлының атынан Алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ, жиын барысында Қаратай Байкенұлының соңғы шыққан туындыларының бірі «Өмір сыры» атты кітабына қатысты оң пікірлер орталаға салынып, талқыланды.

«Өңірдегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, ұлттық әдебиеттің өркендеуіне үлкен үлес қосқан зиялы азамат. Бүгінге дейін көп шәкірт тәрбиелеген. Тіл жанашыры ретінде, қаламгер, жазушы ретінде көпке таныс. 63 жасқа толып, зейнет жасқа аяқ басып жатқанына орай, облыстың ішкі саясат басқармасы осындай әдемі кеш ұйысдастырып жатыр. Жиын барысында жазушының шығармашылығына, көтерген тақырыптарына талдау жасап, пікір алмасатын боламыз»,-деді ақын, жазушы Серік Жетпісқалиев.

Қаратай Байкенұлының шығармашылық кешіне  жазушы-драматург, коғам қайраткері Жабал Ерғалиев, Жанайдар Мусин атындагы жогаргы педагогикалык колледж директоры Нұртас Ахат,  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары, әдебиетшi ғалымдар Сәбит Жәмбек пен Ерболат Баят, профессор, өлкетанушы Мұсатай Есмағамбет, ақын, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, «Болашақ» сарайынын директоры Айнагүл Қыдырбайқызы, тағы басқалары қатысты.

 

 

Камила Әбделманова

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img