spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

Өңірде сауда саласындағы заңнаманы бұзған кәсіпкерлер жазаланды

Сондай-ақ...оқыңыз

27 кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар тауарларды жоғары бағамен сатты және 3 нарық Ақмола облысындағы сауда қызметі саласындағы заңнаманы бұзды. Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ербол Оспанов  брифингте әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Ербол Оспанов атап өткендей, әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны ұстап тұру саласында барлық мүмкіндіктер қолданылады. Олардың бірі- «айналым схемасы», яғни қайтарымды несиелеу. Бұнда «Гормолзавод» серіктестігімен келісімге қол жеткізілді және қазір олар 2 702 теңгеге төмендетілген бағамен 200 тоннаға жуық сары майды сатып жатыр. Қазіргі уақытта бағаны тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға қаражатты резервтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Биылғы жылы ӘКК 45 сауда нүктесі арқылы 378 млн.теңгеге 816 тонна қант сатылды, тағы 175 тонна қант артылды. Облыстағы қант жағдайы тұрақты, қыркүйек айының басынан бастап баға 4,6% – ға төмендеді. Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының күрт өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақтандыру қоры бойынша форвардтық шарттар шеңберінде жергілікті өндірушілерден маусымаралық уақытта жеткізумен 2000 тонна картоп, 300 тонна сәбіз және 300 тонна қырыққабат, сондай-ақ Жамбыл облысымен  200 тонна пиязға келісімшарт жасалды. Жалпы, облыста 1,1 мың тонна көлемінде тауарлар қоры қалыптастырылды, оның ішінде: тұрақтандыру қорында – 907 тонна, «айналым схемасы» бойынша-240 тонна», – деп түсіндірді Ербол Оспанов.

Жыл басынан бері тұрақтандыру қорына 1645 тонна тауар сатып алынып, төмендетілген бағамен 1936 тонна тауар сатылды. «Айналым схемасы» бойынша тауарлардың 9 түрі бойынша жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеге қайтарымды қарыздар берілді. Жергілікті билік бөлек 1054 келісім жасады. Облыс прокуратурасымен, сауда комитеттерінің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерімен және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының сауда базарларының қызметіне тексеру жүргізілді.

«Аталған нарықтар бойынша рейдтер жүзеге асырылды, ӘМАТ сату бойынша барлық сауда нүктелері тексерілді, көтерме жеткізушілер мен өндірушілер орнатылды, сондай-ақ сауда үстемелері талданды. Тексеру барысында 27 кәсіпкерде ӘМАТ-ты сату кезінде сауда үстемелерінің артуы анықталды, нарықтардың 3 әкімшісі бойынша сауда қызметі саласындағы заңнаманың әртүрлі нормаларының бұзылуы анықталды. Барлық фактілер бойынша Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының әкімдіктері әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес шаралар қабылдады – ескерту туралы қаулы шығарылды», – деп қорытындылады Ербол Оспанов.

 

Камила Әбделманова

Фото: gov.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img