spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
13.2 C
Kokshetau

Назарбаев университетінің құрылысшы мамандығы студенттері әлеуетті жұмыс берушімен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК (бұдан әрі – ЖАҰСО) Бас директоры Замир Сағынов Назарбаев Университетінің «Құрылыс және экологиялық инженерия» факультетінің 3-4 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – автожол мамандығын насихаттау, ЖАҰСО-да өндірістік ақылы практикаға үздік оқушыларды тарту, автожол саласындағы жұмысқа бейімдеу.

Өз сөзінде З. Сағынов кәсіпорнының жұмысы және сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары туралы, ЖАҰСО-дағы жас мамандар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен мансаптық өсу туралы (ЖАҰСО-дағы жас маманның айлығы +400 мың тг. басталады) айтып кетті. Студенттер жолшымен автомобиль жолдарында қолданылатын инновациялық технологияларды талқылады. Мысалы, З.Сағынов Назарбаев Университетінің ғылыми кеңесшілерімен бірлесіп жүргізіліп жатқан әлемдегі ең озық технологиялардың бірі Superpave (СуперАсфальт) әдісін енгізу жұмыстары туралы айтып берді.

Іс-шара аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Болашақ инженерлер мен құрылысшылар көптеген сұрақтар қойып, жауап та алды. Атап айтқанда, Ұлттық сапа орталығына жұмысқа орналасу және ақылы өндірістік практика туралы (ай сайын +80 мың тг.) орталықтың цифрлық жобалары туралы: КazRoadLab – ЖҚМ сынақтарын жүргізу процестерін автоматтандыру жүйесі; InfoZhol – автожол құрылысы саласындағы барлық нормативтік-техникалық құжаттарды қамтитын бағдарламалық өнім; DorSmeta – автожол жобалары бойынша ресурстық әдіспен сметалық есеп жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету; SRDS – жер жабындарының ақауларын автоматты түрде тану жүйесі.

Анықтама: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму миниистрлігіне қарасты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы 2019 жылы құрылды. Кәсіпорынның еліміздің 17 аймағында филиалы бар. Негізгі қызметі – жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстаудағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, және жолдарды диагностикалау, аспаптық тексеру. ЖАҰСО инспекторлары қызмет еткен жылдары Қазақстан Республикасының жолдарына 44 000-нан астам рет тексеріс жүргізді. 2022 жылы халықаралық және республикалық маңызы бар 16,9 мың км жолдарға диагностика жүргізді.   

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img