spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Батыр болып тумайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Әскери адам – кәсіп емес, ол – өмір салты, барлық қоршаған ортаға деген қарым-қатынас. Бұл – қызметте өткізген сағаттар, күндер, айлар, жылдармен өлшенбейтін еңбек. Бұл еңбектің жемісі көзге көріне бермейді, оның соңғы нәтижесі ғана көрінеді, ол – мемлекетіміздің қауіпсіздігі, байтақ жеріміздің, мызғымас еліміздің ашық аспаны, бейбіт өмірі.

Әскери қызметші болу оңай емес, алайда олар туындаған қиындықтарға қарамастан, Отанға адал болуға ант берді және оны қорғауға міндетті.

Құқықтық тәртіп әскері еліміздің барлық қалаларында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, сыртқы деструктивтік күштерге төтеп береді. Елімізде қарапайым халықты пайдаланып, мемлекетіміздің конституциялық құрылымын бұзбақшы болған лаңкестердің арам пиғылын тоқтатқан Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қырағылықтары мен ерліктері жетерлік. 2022 жылдың қаңтарында вандалдар еліміздің бірнеше қалаларында мемлекетіміздің тұтастығын бұзып, берекесін қашырмақ болған қанды оқиға   барлығымыздың есімізде. Бұл жолы да ұландықтар ерен ерлікпен Отанымыздың абыройын сақтап қалды. Өкінішке орай екі жауынгеріміз ерлікпен қаза тапты.

Еліміз үшін тағы да бір елеулі оқиға, ол – 2022 жылы еліміздің бірнеше аймақтарында орын алған өрт. Жалын шарпыған апат біздің табиғатымыз бен экономикамызға орасан зардап алып келді. Төтенше жағдай бойынша департаментінің қызметкерлеріне қосымша күш пен құралдар қажет болды. Бұл жолы да Ұлттық ұлан тысқары қала алмады. 3 қыркүйек жедел арналардан Қостанай облысының Әулекөл ауданында алапат орман өрті өршіп, жағдай бақылаудан шығып кетті деген дабыл келіп түсті. Сол аймаққа жедел түрде ТЖМ, ІІМ, ҚМ және Ұлттық ұланның күштері жіберілді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының шешімімен 6697 және 5510 әскери бөлімдерінің жауынгерлері тартылды. 3 күн бойы әр түрлі күш құрылымының әскери қызметшілері үш елді-мекенде өрт жалынымен иық тіресе күресті. Өрт ошақтарын сөндіріп, жалын шартпыған аймақтарды қоршауға алды, жақын орналасқан ауылдардан зардап шеккен адамдарды шығарды.Әскери қызметшілердің ерен еңбектері елеусіз қалмады, құтқару операциясы аяқталған соң Мемлекет басшысының Жарлығымен ерекше көзге түскен әскери қызметшілер марапаттарға ұсынылды.

22 қыркүйек өзінің қызметтік міндетін адал орындағаны, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде ерлік танытқаны үшін  20 өрт сөндіруге қатысушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Соның ішінде 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшісі взвод сержанты (жауынгерлік дайындық жөніндегі нұсқаушы) аға сержант Қайыров Қуанышбек.

Қайыров Қуанышбек 1992 жылы 9 қарашада Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Жөкей ауылында дүниеге келді. 1-4 сыныптарды өзінің туған ауылын оқып, 2005 жылы Қуанышбектің отбасы Көкшетау қаласына көшіп келуіне байланысты Көкшетау қаласының №14 орта мектебінде білім алады. Аталмыш мектепте оқып жүріп, спортпен де айналысады. Бос уақытын күреспен шұғылдануға арнайды. Өзінің қажырлығы мен жігерлілігі арқасында 2009 жылы «қазақша күрестен» спорт шебері атанады. 2009 жылы 9 сыныпты тәмамдаған соң Көкшетау қаласының Академиясы жанындағы колледжге «Төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаныс» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2 жыл білім алған соң 2011 жылы әскерге шақыртылып,  Отар қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігінің 30212 әскери бөлімінде өзінің мерзімді әскери борышын өткереді. «Өмірдегі ең қызықты шағым сол сарбаз болып, әскери қызмет атқарған жылдарым! Сонда қиын сәттерде жолда қалдырмайтын нағыз адал достар таптым»- деп, еске алады Қуанышбек. Бір жыл қызмет атқарған соң, Астана қаласындағы 68665 әскери бөліміне келісімшарт бойынша әскери қызметші болып, әскери қызметін одан әрі жалғастырды. Әскери мансап баспалдағымен көтерілу мықты тылсыз болмайды. Ол нағыз тірек – сүйікті жар, балдай тәтті балалар. Астана қаласында Қорғаныс министрінің жауынгері өзінің жан жары Әсемгүл Ғалиқызын кездестіріп, 2012 жылы шаңырақ құрады. Бір жыл өткен соң Қайыровтар отбасында тұңғышы – Әмір дүниеге келеді.

2015 жылы Қуанышбек Шучье қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусына ауысып, онда 2 жыл қызмет атқарады. Қорғаныс министрлігінде 6 жыл қызмет атқарған соң ол өзінің тағдырын Ұлттық ұланмен байланыстыруға бел буады. Сол 2017 жылы қызы – Диана дүниеге келеді.

2019 жылға дейін Қуанышбек жедел мақсаттағы ротасында бөлімше командирі лауазымында қызмет атқарады. Сонан соң взвод сержанты (жауынгерлік дайындық жөніндегі нұсқаушы) лауазымына тағайындалады. 2021 жылы аға сержант Қайыровтың шаңырағында тағы да бір қуанышты оқиға – Дамир есімді ұл дүниеге келеді.

  • Қызмет пен әскери киім нысаны мені бала жасымнан қызықтыратын. 4 сыныптан кейін Кадет корпусына түскім келді, алайда тағдырдың жазуына байланысты әскери өмірімді мерзімді қызметтен бастауыма тура келді. Осы уақытта оған еш өкінбеймін. «Батыр болып тумайды, батырлық ер басына іс түскенде байқалады» – демекші, осы сөздің төркінінде терең ой жатыр. Бір шаңырақтың отағасы болғандықтан, қолда барды бағалайды екенсің. Сондықтан да қиын сәттерде өміріңді қию оңай емес, алайда қызмет пен борыш біздің жүрегімізде! – деп, ағынан жарылды Қуанышбек.

 

аға лейтенант Бауыржан Нұрғалиев

                                            5510 әскери бөлімі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img