spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
16.6 C
Kokshetau

Астанада демалыс күндері кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Астанада 29-30 қазан күндері өтетін кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесінде өнімдерін Ақмола облысының кәсіпкерлері ұсынады, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Осы демалыс күндері Ақмола облысының өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына 850 тоннадан астам жоғары сапалы экологиялық таза өнім ұсынады.

Оның ішінде 200 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 200 тонна картоп, 100 тонна сүт және сүт өнімдері, 100 тонна көкөніс, 25 тоннадан астам ұн, 13 тонна жаңа піскен балық, 8 тоннадан астам кондитер өнімдері және нан өнімдері, шамамен 1 млн дана жұмыртқа, сондай-ақ облыста өндірілетін басқа да өнімдер бар», – делінген баспасөз мәліметінде.

Жәрмеңкедегі өнімдер бағасы нарықтағыдан 10-20 пайызға төмен болады.

Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран даңғылы, 48.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика