spot_img
Сенбі, Маусым 20, 2026
26.6 C
Kokshetau

Талғат Ерғалиев президенттікке үміткер ретінде құжаттарын тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық сайлау комиссиясына Талғат Файзуллиұлы Ерғалиевтің Қазақстан Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпарат халықаралық  ақпараттыө агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін, 10 қазанда комиссияға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының биылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Талғат Файзуллиұлы Ерғалиев құжат тапсырды.

Оның кандидатурасын «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі ұсынған.

Тапсырылған құжаттар тізбесі:

  1. Қазақстан құрылысшылар одағы жоғары органы отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
  2. Талғат Ерғалиевтің кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Фото: inform.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда.

Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика