spot_img
Дүйсенбі, Маусым 22, 2026
32.4 C
Kokshetau

ISA-да Халықаралық бакалавриат мектептері қауымдастығының конференциясы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері Халықаралық бакалавриат мектептері қауымдастығының кезекті конференциясы Астана Халықаралық мектебінде өтті. Шараға қауымдастық мүшелігіне кіретін Өзбекстан, Ресей, Қазақстанның білім ошақтары қатысты.

– Бұл конференцияда біз талантты ұстаздар мен талапты оқушыларды көрдік. Алдағы уақытта бірге тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасамыз. Сондай-ақ бұның барлығын өз жұмыстарымызда қолданамыз. Қонақжайлық пен жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық үшін мектеп ұжымына алғысымды білдіремін, – деді Ташкент қаласы «Vosiq International School» мектебінің директоры Дилором Халилова.

Конференция барысында қауымдастық мектептерінің мұғалімдері секциялық отырыстарда тәжірибе алмасып, ашық сабақтар өткізіп, көрме жұмыстарына қатысты.

– Қонақжайлық пен мектептің жоғары деңгейдегі жұмысы таң қалдырмай қоймады. Бұл конференцияда біз өз сабақтарымызды ұйымдастыру тұрғысынан ойлануға тұрарлық көптеген мәліметтер алдық. Осы жерде әріптестерімізден көрген озық технологияларды меңгереміз деп ойлаймын, – дейді Самара қаласы «Спутник» №1 мектебінің директоры Игорь Ермоленко.

Айта кетейік, екі күнге созылған конференция «25 жыл IB PYP: қорытындыдан жаңа міндеттерге» тақырыбы аясында өткізілді. Конференцяның барлық қатысушыларына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында полицейлер «Ішімдіксіз ауыл» ЖПІШ барысында вейптердің ірі партиясын тәркіледі

17 маусымда Атбасар қаласындағы базарлардың бірінің аумағында учаскелік полиция инспекторлары айналымға тыйым салынған никотинді тұтынудың электрондық жүйелерін сақтау фактісін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика