Ақмола облысының аграршылары астық жинау жұмыстарын тәмамдады. Өңірдің астық өнімділігі гектарына шамамен 12 центнерді құраған. Қазір жиналған өнім элеваторларға және астық қоймасына жөнелтілуде.
Фермерлердің айтуынша, қолайлы ауа-райының арқасында егін ешқандай шығынсыз және жоспарланған мерзімде жиналды. Биылғы жылы аймақтың шаруалары халықты жоғары өнім рекордтарымен қуантуы мүмкін. Ақмола аграршылары 5 миллион 400 мың тонна астық жинады. Астық жинаушылардың айтуынша, егін жинау науқаны сәтті аяқталып, жиналған астық көлемі күткеннен де көп шыққан. Орташа өнімділік өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп – гектарына 12 центнер. Дәннің қамырлығы мен глютен жоғарылығы шамамен 25-28%. Бұл айталықтай жоғарғы көрсеткін. Бастапқы өңдеу пункттерінде жиналған дәнді дақылдарға кептіру және тазалау жұмыстары жүргізіледі. Кейіннен барлығы элеваторлар мен қоймаларға жөнелтіледі. Өңірде барлығы 70 элеватор мен астық қоймасы бар.
«Бидайдың бағасына тоқталар болсақ, тоннасына 120-125 мың теңге шамасында болады. Бағалар нарықпен реттеледі. Өткен жылы бидайдың бағасы жоғары болды. Көп нәрсе астық нарығындағы сұранысқа байланысты. Жыл сайын біздің өңір бидайды әлемнің 30 еліне экспортқа жібереді. Бәрінен бұрын Өзбекстан, Пәкістан, Иран, Ресей, Қытай сынды алпауыт мемлекеттерде біздің бидайға деген сұраныс жоғары», – деп түсіндірді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жетекшісінің орынбасары Еркеш Аленов.
Күзгі егін жинау науқанын өткізу үшін облыс егіншілеріне айтарлықтай қолдау көрсетілді. Оларға жеңілдікпен 83 мың тонна отын бөлініп, оны сатып алуға жұмсалған шығынның бір бөлігі мемлекет тарапынан жабылды. Сондай-ақ, шаруалар 40 миллиард теңгеге жуық субсидия алды. Келесі жылы оларға осындай көмек көрсетіліп, ауа-райы қолайлы болса, 6 миллион тоннаға дейін астық жинауға қауқырымыз жетеді, деп сендірді Ақмола-Астық өсірушілері.
Аслан Әбуталипов



