spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
2.3 C
Kokshetau

Туберкулезге қарсы вакцина тек жаңа туған нәрестелер мен 6 жасар бүлдіршіндерге қойылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Туберкулезге қарсы вакцинациялау перзентханада нәресте туғаннан кейін, алғашқы 2-3 күнде жүргізіледі, деп хабарлайды AqmolaNews АА.

Яғни екпе егу процесі жаңа туған нәрестеге я болмаса мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 5-6 жасар бүлдіршіндерге ғана қойылады. Сол вакцинаның әсері адамды өмір бойына туберкулезден қорғауға қауқарлы, деп сендірді Ақмола облысының санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті.

«Вакцинацияның  ерте мерзімінің себебі, Қазақстан-туберкулез бойынша эпидемиологиялық қолайсыз ел. Біздің елімізде сырқаттанушылардың  жалпы деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 20 адамнан асады. Сол себепті де, ДДҰ жаңа туған нәрестелерді БЦЖ-мен вакцинациялауды ұсынады. Бұл вакцина балаларды туберкулездің ауыр түрлерінен қорғайды. Аурудың бұл түрі 5 жасқа дейінгі балалар үшін ең қауіпті, өйткені мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін»,- деп толықтырды Ақмола облысының санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары, Серік Омарханов.

Бұл тұста «жаңа туған нәрестеге вакцина еккен жағдайда кері реакция туындауы мүмкін бе»,-деген сұрақ мазалауы орынды. Фтизиопедиатрия бойынша облыстық үйлестіруші, Рысты Шолатаеваның айтуынша, сәбилерде лимфаденит түріндегі жағымсыз реакция болуы мүмкін. Бірақ бұл тым сирек кездесетін құбылыс.  Балаларды туберкулезге профилактикалық тексеру мақсатында республикада туберкулинодиагностика тұрақты түрде  жүргізіледі . Организмде туберкулез инфекциясының бар-жоғын көрсететін иммунологиялық тест. Яғни, манту.

Бұл тұста «мантуды» вирусқа қарсы екпемен шатастырмауды өтінді спикер.

«Манту сынамасы бала организмінде  туберкулез микобактериялары бар — жоғын анықтау үшін қолданылады. Егер реакция күмәнді болса, онда екпе егу кейінге қалдырылады және бала туберкулезді емдеуге маманданған дәрігерден  кеңес алуы керек. Манту сынамасы инъекциядан кейін 72 сағаттан кейін үшінші тәулікке тексеріледі»,-деп толықтырды фтизиопедиатрия бойынша облыстық үйлестіруші, Рысты Шолатаева.

Соңғы 8 айда Ақмола облысы бойынша 208 адам туберкулез жұқтырғаны анықталды. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 7 жағдай тіркелген. Басты себептердің бірі вакцина алмағандық. Иммунитет төмендігі тағы бар.

 

 

Камила Әбделманова

фото: medvestnik.ru

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img