spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
11.7 C
Kokshetau

«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс ХХХҮІ конференциясы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекте тыс ХХХҮІ конференциясында партияның Саяси тұғырнамасының жаңа жобасы талқыланды.
Өңір басшысы өз сөзінде, «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы ағымдағы жылдың наурыз айында басталғанын және ол толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі екендігіне назар аударды.

«Тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған. Тұғырнама елімізде болып жатқан өзгерістерге «AMANAT» партиясының жауабы ретіндегі негізгі идеологиялық құжат», – деді өз сөзінде Ермек Маржықпаев.

Конференцияда сөз сөйлеген партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова жаңа саяси тұғырнаманың негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.

«Біріншіден, құжат толығымен мемлекеттік тілде әзірленіп, жазылды. Екіншіден, саяси тұғырнама әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға негізделіп, «адам – қоғам – мемлекет» қағидаты бойынша құрылған. Үшіншіден, құжатты әзірлеу мен талқылау қатардағы партиялықтан бастап партияның Орталық аппаратына дейінгі барлық деңгейде жүргізілді және жаңа платформада нақты проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешудің пайымы белгіленді», – атап өтті А. Мысырәлімова.

Іс-шара барысында конференция қатысушылары платформаның бөлімдерін талқылады.

Нәтижесінде Ақмола облысының партия ұйымдары партияның жаңа саяси тұғырнамасын мақұлдады және партияның кезектен тыс XXIV съезіне қатысу үшін 35 делегат сайлады

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img