spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
2.9 C
Kokshetau

Автожол мәселелері бойынша ауыл әкімдерімен семинар өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданының әкімі Асен Жақсылықовтың бастамасымен жол-құрылыс жұмыстарында жиі кездесетін проблемаларды болдырмау және ауылдардағы сапасыз автожолдар мәселесін шешу мақсатында Жол активтерінің  Ұлттық сапа Орталығы РМК Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп жергілікті атқарушы органдар үшін жол-құрылыс саласы мәселелеріне арналған оқыту семинары өткізілді, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға филиал директоры Талғат Жүсіпов бастаған Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалының мамандары қатысты. Осыған дейін жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне сәйкес, елімізде жергілікті атқарушы органдардың автожол саласына жауапты мамандарының тек 10 пайызының ғана жоғары білімі және автожол саласының мамандықтары бойынша дипломы бар. Кейбір ауыл әкімдерінің жол-құрылыс жұмыстары мәселелері бойынша жеткілікті білімі жоқ.

«Бұған дейін Зеренді ауданының әкімі Асен Жақсылықов ауылдардағы автомобиль жолдарына қатысты бірқатар мәселелерді көтерген болатын. Еленовка ауылы мен Қарағай станциясындағы жолдарды жөндеуде туындағанын мәселелердің себебін анықтай бастадық. Сондықтан семинар барысында ауылдық округтердің әкімдері базалық білім алып, жол-құрылыс жұмыстары туралы толығырақ біліп, негізгі мәселелерін түсінетін болады. Біз зертхана жұмысын және негізгі параметрлерді елемеген жағдайда қандай салдарлар туындауы мүмкін екенін айтамыз. Біздің филиалдың қызметімен де таныстырамыз. Біздің филиал мемлекеттік өлшеу құралдарының тізілімінде тұрған барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген және жыл сайын тексеруден өтеді. Сондай-ақ бізде халықаралық стандарттарға сәйкес аккредитивтелген стационарлық және жылжымалы зертхана бар. Семинар сіз үшін пайдалы болатынына және сіздің жұмысыңызға көмектесетініне сенімдіміз», – деп атап өтті ҚР ИИДМ Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы филиалының директоры Талғат Жүсіпов.

Мамандар мен ауыл әкімдерін жолшылар заманауи жол жабдықтарымен, технологиялық және өндірістік процестермен, филиалдың жылжымалы зертханасымен таныстырды.  Филиалдың келген инженерлері мен мамандары теориялық дәрістер мен оқыту сабақтарын өткізді. Оқыту автожол жобаларының сапасын бақылау, автожолдарды диагностикалау және паспорттау, автожолдар қауіпсіздігінің мониторингі, ведомстволық сараптама мәселелері, порталмен жұмыс, техникалық қадағалаудың функциялары мен міндеттері, автомобиль жолдарына қатысты нормативтік құжаттарды дұрыс толтыру және ресімдеу сияқты маңызды және өзекті тақырыптар бойынша жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдардың мамандары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Өз кезегінде ауыл әкімдері жол қызметкерлеріне өткізілген сабақтар үшін алғыс айтып, филиалмен ынтымақтастық орнатуға ниетті екендіктерін атап өтті.

 

 

Камила Абдельманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img