spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Дарынды полиция қызметкерлері облыс орталығында өнер көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы аға лейтенант Бекзат Жұмаенов музыка мен шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті аса күрделі жұмыспен ұштастырып келеді. 2020 жылдан бастап жас жігіт жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Бекзат 1998 жылы 29 сәуірде Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келген. №7 қазақ орта мектебін тәмамдап, 2016 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне «Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқуға түсті, 2 курста әскери кафедраға түскен. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде магистратураны бітіріп, «Құқық магистрі» дәрежесін алды.
Талантты жас жігіттің айтуынша, ол ішкі істер органдарындағы қызметін кездейсоқ таңдаған жоқ. Оған лайықты үлгі көрсеткен ағалары полиция подполковнигі Бауыржан Оразбаев пен полиция майоры Ілияс Шаймерденов. Оларға қарап, Бекзат полицияда жұмыс істеуге бел буды.


Болашақ тәртіп сақшысының музыкалық таланты ерте көрінді. Ол 6 жасынан бастап ән айтады. Алғашқы жетістіктері мен марапаттарын Атбасар ауданында алған. 12 жасында жас әнші облыстық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Бекзат музыка мектебін домбыра сыныбы бойынша бітірген. Тамаша вокалдық өнер оған эстрадалық әндерді аса шеберлікпен орындауға мүмкіндік береді. Тәртіп сақшысы халық әндерін, термені шебер орындайды, домбырамен сүйемелдейді. 2017 жылы Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесінің ашылуында жеке және «Жастар» ансамблінің құрамында өнер көрсетті.
Органдағы қызмет Бекзатқа тыңдаушыларды өзінің талантымен қуантуын жалғастыруға кедергі келтірмейді. Аға лейтенант Жұмаенов Ақмола облысы полиция департаментінің вокалдық тобының құрамында. Бекзаттың репертуарында полиция жұмысы туралы әндер, патриоттық әндер мен заманауи композициялар бар.
Өнерге деген сүйіспеншілікке, шығармашылық жолдағы жетістіктерге қарамастан, Б.Жұмаенов өзінің болашағын полицейлер қатарынан көреді. Бекзат республика азаматтарының құқығын қорғауды өзінің парызы деп санайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img