spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
24.2 C
Kokshetau

«Жаңа да әділетті Қазақстанды орнату үшін әрбіріміз президентімізді қолдауға тиістіміз», – Жабал Ерғалиев

Сондай-ақ...оқыңыз

Менің таныған да , таңдайтын да Тұлғам!

Әлем дүрбелең үстінде. Сол дүбірлі дүние тынышталар, қарулы қақтығыстар тоқтар деген адамзат үміті ақталмай тұр.
Ежелгі дос елдер Украина мен Ресей аралығында бітіспейтіндей жаулық орныққандай. Өліспей беріспейтіндей, ақыл-парасатпен келіспейтіндей жағдай бар. Бұл екеуінің қақтығыстары жалпы әлемнің дамуын күрделендіріп барады.
Қуатты мемлекеттердің санкциялары экономикалық қиыншылықтарға душар етуде.
Кешегі қуатты деген Европа мемлекеттері де экономикалық жағынан шатқаяқтанып бара жатыр. Халықтары тұрмыстың ауырлап, қымбатшылық қос өкпеден қыса бастағандықтарына наразықтарын айта бастады.
Біртұтас экономикалық және қарапайым адами қарым-қатынастар жүйесі бұзылып, бұл жалпы Адамзат баласын тығырыққа тіреп тұр. Және де бұл жағдай XXI-ші ғасырда болып отыр.
Әлемнің бір бөлшегі қазақ елі де қазіргі жағдайға алаңдаулы. Бұл алаңдаушылық Ресейде жаппай жұмылдыру басталғалы тіпті де күшейе түсті.
Украинаға қарсы соғыспаймыз. деген ресейліктер Қазақстанға қарай ағылып жатыр деген ақпараттар да таралып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жедел қауіпсіздік кеңесін өткізіп, елдегі жағдайды бақылауда ұстау жайын айтты.
Өз басым әлемдік саясаттың білгірі және кәнігі дипломат, күні кеше Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қауіпсіздік кеңесінің 75-ші сессиясында сөз сөйлеп, бүгінгі әлемді тығырықтан шығарудың нақтылы ұсынысты ойларын айтқан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз еліміздің осы жағдайдағы қауіпсіздігін бәрінен биік қойып, қажетті шараларды жүзеге асыруға бар аиалдарды қолданып жатқандығына сенемін.
Тап қазір іргедегі елдің шырқы бұзылып тұрған шақта бізге өз елімідің шырқын бұзып аллмау аса маңызды деп санаймын.
Күні кеше Президентіміз өз Үндеуін жариялап, биылғы жылдың 20 қарашасында президенттік сайлау өткізуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Орынды шешім! Биылғы 5 маусымда Президенттің ұсынысымен Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдум өткені мәлім. Соның нәтижесі бойынша біз енді Жаңа Қазақстанды құруды бастаймыз. “ Жаңа Қазсқстан дегеніміз ол Әділетті Қазақстан” деп Қасым-Жомарт Тоқаев баршамыздың алдымыздағы басты міндетті нақтылы тұжырымдап берді.
Адамзаттың өз тарихында іздегені Әділдік болып келгені анық. Бізге де керегі сол әділдік.
Президентіміз жаңа да әділ Қазақстанды орнатып,орнықтыруды бастап та кетті дер едім. Әрине оңай болмасы да анық!
Қазақстандық қоғамды екінің бірі айтып жүрген жемқорлықтың, әділетсіздіктің, заңсыздықтың жайлап алуы жағдайында осы келеңсіздіктерге қарсы күресуде біз Президентіміздің қолдаушысы және көмекшісі болуға міндеттіміз! Тіпті мұны парызымыз деп айтар едім.
Жаңа да әділетті Қазақстанды орнату үшін біздің әрбіріміз Қасым-Жомарт Тоқаевты әрдайым қолдауға тиістіміз.
Алдағы сайлауда дауысқа түсуді ниет етіп отырған Тоқаевтың бұл ниетіне шын қуандым. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев өзі бастаған Конституциялық, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды өзі іске асырғаны абзал.
Бұл үшін президенттік мерзімнің 7 жылға белгіленуі де орынды. Және де бір мерзім ғана билікте болу жөнінде өте парасатты шешім қабылданды.
Өз басым қазіргі дүниенің дүрбелеңді шағында Тоқаевтың саясатын қолдау абзал болар еді деп ойлаймын!
Бүгінгі дүниенің және бүгінгі әлемдік саясаттың “ағын ақ”, “қарасын қара” деп жасқанбай, өзне тән ақыл парасат биігінде айта білер, өз елі мен халқының мүддесін бірінен де биік қоя білер Қасым-Жомарт Тоқаев мен таныған және алдағы сайлуда таңдайтын Тұлғам!
Өйткені Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қашан болсын адалдықтың туын жықпайтын, дүние байлығына қызықпайтын, өз халқына адал қызмет етуді мұрат еткен, ар мен ұятты бәрінен биік ұстанған Адам!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img