spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
5.2 C
Kokshetau

Жоғары сапа мен төмен баға: Көкшетаудың орталық алаңында жәрмеңке өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік жәрмеңкелерінің науқаны басталды. Бүгін облыстың 8 ауданы мен Көкшетау қаласының шаруалары өз өнімдерін халыққа ұсынды. Бұндағы азық-түлік бағасы нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен, деп хабарлайды  «Aqmola News» ақпараттық агенттігі.

Төмен баға, жоғары сапа және тауарлардың кең ассортименті. Бұл қала тұрғындарын орталық алаңда өткен жәрмеңкеге қатысты ойы. Алдағы сенбі, яғни, қазан айының 1 күні тағы осындай жәрменке халықты қуантатынын тілге тиек етті облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары.

«Бүгінгі жәрменкеде Ақмола облысының  100 өндірушісі  65 тонна тауарды халыққа ұсынып отыр. Жалпы өңімнің бағасы 68 млн. тенге. Ет  30 тонна, балық өнімдері 3 тонна,  16 тонна картоп, сүт өнімдері 7,5 тоннаға жуық көлемде сатылып жатыр.  Бұл қала тұрғындары үшін қолжетімді бағамен, экологиялық таза,балғын әрі табиғи өнімдерді сатып алуға жақсы мүмкіндік. Баға тұрақтылығы мен төмендігі біздің бақылауда»,- деп толықтырды сөзін Ғалымжан Әбдіқалықов.

Мысалы, сұранысқа ие  сиыр еті 2100  теңгеден, ал сүт – 220, айран – 250 тенгеден  сатылды.  Картоппен қоса өзге де көкөністер бағасы 100 тенгеден аспады. Бұны халықтың таласа сатып алып жатқандығынан аңғаруға болады.

«Осындай жәрменкелердің жиі өткені халыққа тиімді. Нарық бағасынан әлдеқайда арзан. Қысқа дайындық жүріп жатқан уақытта ауыл шаруашылық өнімдерін  халық қолжетімді бағамен алып жатқаны көзді қуантады. Бүгін ауа-райы да тамаша. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды айтамыз»,- деп лебізін білдірді Көкшетау қаласының тұрғыны, Жұмабике Мырзағалиева.

Бұқарамен қоса бұл жәрменке жеке кәсіпкерлер үшін де үлкен табыс көзі екені жасырын емес. Алаңда азық-түлік өнімдерімен қоса, тұрмыстық тауарлар, тіпті отын мен шөпке дейін сатылды. Көкшетаулықтар қыс қамына қамдана бастаса керек, аталмыш тауарлар көзді ашып жұмғанша сатылып жатты.

 «1 тоннаға жуық өнім әкелдік. Тауарым өте жақсы сатылды. Санаулы 1-2 сағаттың ішінде таусылуға таяу қалды. Балықтың 10 түрін халыққа ұсындық. Өзіміз қолмен аулаймыз. Осындай жәрменкелердің арқасында мол олжаға кенеліп отырмыз»,- дейді Қоржалжын ауданының кәсіпкері, Абылай Байқадамов.

Алаң сахнасында Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар халыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Қолайлы ауа-райында, көтеріңкі көңіл күймен, қолжетімді бағада тауар алып, қысқа қамданып жүрген халық дән риза. Кәсіпкерлердің жұмысы қызу жүріп жатыр.

 

Камила Әбделманова

фото автордыкі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазіргі бақылау мен тексерістердің өз ерекшеліктері бар

«Бизнесті тексеру – бұл айналып келіп, бір қақпаға соға беретін доп ойыны емес» деген тақырыпта жазылған газет бетінде бір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img