spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau

«AMANAT»: Ақмола облысынан қостанайлықтарға 50 тонналық гуманитарлық көмектің екінші легі жіберілді

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанынан ашылған гуманитарлық көмек көрсету пунктінің жұмысы жалғасуда. Қостанай өңіріндегі өрттен зардап шеккендерге осымен екінші күні 25,1 млн. теңге сомасында 50 тонна азық-түлік, киім-кешек, кеңсе тауарлары, жеке гигиена құралдары, тұрмыстық химия сияқты ең қажетті заттар жиналды. Сөйтіп, Қостанай облысының Әулиекөл ауданына бүгін Жақсы, Есіл, Зеренді, Сандықтау мен Жарқайың аудандарынан 11 жүк көлігі жіберілді.

«Осынау сын сағатта облыс тұрғындарының жұдырықтай жұмылып отырғаны қуантады. Жалпы, қайырымдылық шарасына барша ақмолалықтар, олардың қатарында депутаттар, жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер жасақтары белсенді қатысуда. Гуманитарлық көмектен өзге Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құрылған Бірыңғай қоғамдық қорына ақмолалықтар тарапынан 14,9 млн. теңге аударылды»,- деді «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова.

Қайырымдылық акциясына «Сандықтау Астық», «Каменка и Д» серіктестіктері мен «Арман», «Бек» жеке кәсіпкерлік иелері, ауылдық округ әкімдері мен депутаттар, басқа да партияластар белсенді қатысты.

Өртті ауыздықтауға Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 68 адам бар отряды қатысуда. Жалпы, құтқарушыларға көмек көрсету мақсатында бүгін облыстық мәслихат депутаты Қайрат Сұлтанов жеке көлігімен жарты тонна азық –түлік өнімдерін әкетті.

Одан қалды бүгін кешке партияның «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 шақты мүшесі өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында Қостанай өңіріне аттанды.
#Қостанайғакөмек
@АОралов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда су тасқынының салдарынан көшелерін жағымсыз иіс бойлауда

Көктемгі су тасқынына дайындық туралы аудан-қала әкімдері мен олардың орынбасарларының беріп жатқан есептеріне жүгінсек, облыс қызыл суға 100 пайыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img