spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының судьялары Мемлекет басшысының Жолдауын қолдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Серікжан Ғабдулин Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша облыс судьялармен кеңес өткізді.

Көкшетау қалалық сотының төрағасы Қазбек Дегенбаев Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.

Баяндамашы Ел Президенті белгілеген реформалардың бес бағыттарын атап өтті.

«Сот қауымдастығы үшін «Заң және тәртіп» бесінші бағдар ерекше маңызды болып табылады, онда заң үстемдігін қамтамасыз ету және сот төрелігінің сапасын арттыру жөнінде міндеттер қойылды» – деді Серікжан Ғабдулин.

Стратегиялық құжат басты бағыттарын қамтиды: ел экономикасы, әлеуметтік мәселелер, білім, медицина, мемлекеттік басқару, сот жүйесі, құқық қорғау  блогі, заң шығармашылығы.

Сот жүйесінің алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру максатында, сот корпусының жаңаруы, судьялардың тәуелсіз мәртебесін қамтамасыз етуі, судьяларды сайлау элементтерінің енгізілуі, Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесін нығайтуы, апелляция институтын реформалау, әкімшілік әділет аясының ұлғаюы, цифровизация көзделген.

Талқылауды қорыта келе, облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы С.Ғабдулин, облыстың сот корпусы сот жүйесін әрі қарау модернизациялау, еліміздің саяси интитуттарын қайта жаңғырту, жаңару жөнінде тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосуды тиісті екендігін атап өтті.

 

 

Ақмола облыстық сотының

баспасөз қызметі

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img