spot_img
Дүйсенбі, Қазан 14, 2024
1.2 C
Kokshetau

Өңірде нашақорлық деректертері көбеюде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жыл басынан бері 189 есірткі қылмысы анықталған. Оның ішінде 46 сату фактісі.

«Нақтырақ айтар болсақ, аса ірі мөлшерде сақтаудың 17 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 6 фактісі, улы заттарды заңсыз сақтаудың 2 фактісі және 117 жалпы есірткі қылмысы тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар.  Заңсыз айналымнан 73кг,387гр. есірткі тәркіленген. оның ішінде 2 кг. 200 грамы синтетика»,- деп мәлімдеді  облыстық полиция департаментінің ресми өкілі, Виталий Гудыменко.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі құралдарын жеткізудің 2 арнасы жойылды. Щучинск  және Атбасар қаласының тұрғындары ұсталып, 33кг есірткі тәркіленген.

Ақмола облысы төңірегінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өндірудің 4 фактісі анықталған. Олар  Көкшетау қаласы бойынша–2, Степногорск қаласы бойынша-1 және Қосшы қаласы бойынша-1. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 30 кг-нан асады. Сондай-ақ, жыл басынан бері 35 синтетикалық кепілгер ұсталған. Өкініштісі, оның ішінде 4-і кәмелетке толмаған балалар. 2 кг-нан астам синтетикалық есірткі аналогтары тәркіленді.

Осы жылдың наурыз айында Көкшетау қаласында 16 және 17 жастағы екі жасөспірім күдікке ілініп,  тінту барысында салмағы 800 грамнан асатын психотроптық заты бар түйіншек дәрі табылған. Қазіргі уақытта жігіттерге қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.

Ерекше алаңдаушылық тудыратын нәрсе, соңғы кезде  қыздар да есірткі бизнесімен айналысатын  болған. Мәселен, биылғы жылдың мамыр айында облыс орталығында синтетикалық препарат салу үшін мақсатты түрде келген елорданың 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында 383 грамнан астам а-PVP психотроптық зат тәркіленген. 477 грамм синтетика сатқаны үшін ұсталған тағы бір 26 жастағы бойжеткен Нұр-сұлтан қаласынан келіпті, бір қызығы ол жүктіліктің 37 аптасында болған.

«Есірткіні өткізу фактісі бойынша 14 іс қозғалды.  Интернет-ресурстарды пайдалана отырып е заңсыз жарнамалаудың 1 фактісін анықтадық.  Есірткі құралдарын сату, насихаттау және жарнамалау жөніндегі сайттарды анықтау мақсатында интернет-ресурстардың және «Телеграмм», «Вконтакте», «Инстаграм» мессенджерлерінің, «ОЛХ»  қосымшаларда  күн сайынғы мониторинг жүзеге асырылады. Сондай-ақ,  мүдделі мемлекеттік органдармен, волонтерлік қозғалыстармен және жұртшылықпен бірлесіп ай сайын есірткіге қарсы акциялар өткіземіз. «Кибер-қадағалау» бағдарламасы арқылы барлығы заңсыз контенті бар 41 интернет-аккаунт анықталып, бұғатталды»,-деп толықтырды спикер.

Облыс төңірегіндегі нашақорлар тізімінде 407 есірткіге тәуелді адам тіркелген. Оның ішінде инъекциялық есірткіні тұтынушы – 259 ер адам және 39 әйел адам. Биылғы жылдың басынан бастап 330 алдын алу іс-шаралары өткізілген.

 

Камила Әбделманова

Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img