spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
23.2 C
Kokshetau

Көкшетаулық дәрігерлер 2 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола обысына қарасты Атбасар қаласының тұрғыны Руя Кулиева көпбалалы ана. Оның 2 жасар егіз ұлдарының бірі Әмір осы жылдың мамыр айында қатты қайнап тұрған суға күйіп қалады. «Үшінші дәрежелі дененің бірнеше жерінен термиялық күйік» диагнозымен бүлдіршін шұғыл түрде Атбасар қаласынан Ақмола облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жіберілді. Көкшетаулық хирург – дәрігерлер мен анестезиологтар баланы аман алып қалу үшін барын салды. Жағдай жарақаттың күрделілігіне байланысты өте ауыр болғанын айтты мамандар. Кішкентай науқасқа екі күрделі операция жасалды – аутодермопластика, яғни, тері трансплантациясы.

«Отадан кейінгі үш ауыр кезең артта қалды. Яғни, бұл: бейімделу (тәулік), регенерация (үш ай) және тұрақтандыру (операция жасалған күннен бастап үш ай өткен соң). Жара тезірек жазылу үшін ота жасалған жерлерді күнделікті тазартып, дәкені ауытырып тұру керек»-, дейді облыстық аурухана дәрігерлері.

Бір айдан астам уақыт бойы бүлдіршін реанимацияда болып, кейін аурухананың хирургиялық бөліміне ауыстырылған. Қазір Әмір үйінде, ата-анасының қасында. Жағдайы да бірқалыпты, денсаулығына байланысты ешқандай шағым жоқ. Анасы, Руя Ханайбасқызы, облыстық балалар ауруханасының медицина қызметкерлеріне, атап айтқанда хирург-дәрігерге, жоғары санатты комбустиолог-Петр Васильевичке, хирургия бөлімінің меңгерушісі, 1 санатты дәрігер Қожабеков Ернар Ғабдулиновичке, сондай-ақ, дәрігер-анестезиолог, реаниматолог Азмағанбетова Мирамгүл Ерғалиевнаға үлкен ризашылығын білдіріп, жылы лебіздерін жолдап отыр.

Айта кетейік, екі жасар Әмір Кулиевке тері трансплантациясы бойынша жоғары технологиялық операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жүргізілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика