spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
18.7 C
Kokshetau

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде тоғызқұмалақтан Азия Кубогінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Тоғызқұмалақ ойынынан Азия Кубогін ұйымдастырушылар – Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті мен Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне Дүнижүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Мұратұлы Рамазанов, Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің ұжымы мен сайысқа қатысушы 10 мемлекеттің өкілдері қатысты.

Жиында Дүнижүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті Әлихан Бәйменов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, оқу ордамыздың басшысы Марат Сырлыбаев құттықтау сөз сөйледі.

Университет ректоры Марат Сырлыбаев ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау жеделхатын оқыды.

Айта кету керек, тоғызқұмалақтан IІ Азия Кубогі 23-30 маусым аралығында университет базасында өткізілуде.

Тоғызқұмалақтан IІ Азия Кубогіне Ауғанстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан елдерінен келген командалар, сондай-ақ еліміздің құрама командасы қатысуда.

 

«Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ баспасөз хатшысы Найзақұл Ясмина Аманжолқызы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика