spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Мемлекеттік қызметтегі сабақтастық

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәжірибелі кадрлар өз білімімен, дағдыларымен, бай өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөліскен кездегі ұрпақтар сабақтастығы маңызды рөл атқарады.

Бүгін онлайн режимде мемлекеттік қызмет ардагерлерінің жас мемлекеттік қызметшілермен кездесуі өтті. Іс-шара Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Кездесуді аша отырып, Департамент басшысы Берген Беспалинов қоғамның үздіксіз дамуының шарты болып табылатын, ең маңызды және өмірлік қажетті құндылықтарды, аға буыннан жинақталған көп жылдық тәжірибені қызметкерлердің жас буынына дарытуға көмектесетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.


Кездесуге ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметтің дамуы мен қалыптасуына өз үлестерін қосып келген облыстың мемлекеттік қызмет ардагерлері Подрезов Николай Васильевич, Омарова Майра Абельдиновна, сонымен қатар Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі және Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Жазитов Тимур Айдарұлы, жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Николай Подрезов жастарға жылы лебізін білдіріп, тілек-кеңестерімен бөлісті. Өз сөзінде ол кәсіпқойлық, бәсекеге қабілеттілік, ашықтық, патриотизм, өз ісіне деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттер қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің маңызды бағдары болып табылатынын атап өтті.

Тимур Жазитов өзінің еңбек жолы және Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің қалай өткендігі туралы айтып берді. Оның айтуынша, жоба жастарға жаңа тәсілдерді енгізуге, үздік қабілеттерін көрсетуге, өз күштері мен білімдерін халықтың өмірін жақсартуға бағыттауға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сындарлы диалог өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img