spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.6 C
Kokshetau

Көкшетауда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

31 мамыр күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі негізінде мәдениет қызметкерлеріне «Тәуелсіздік Рухы» жаңа экспозициялық залының таныстырылымы өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс»,- деп жазып өткен болатын.

ХХ ғасыр Ақмола облысының тарихында көрініс тапқан жарқын, кейде драмалық оқиғаларға толы болды: бірінші дүниежүзілік соғыс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі, 1918-1920 жылдардағы азаматтық соғыс, ұжымдастыру және индустрияландыру, Ұлы Отан соғысы, Тың және тыңайған жерлерді игеру, қайта құру. Әрине, 20 ғасырдың аяғындағы маңызды оқиға – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау болып табылады.

ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін – біздің халқымыздың тарихында орын алған қайғылы кезең. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам күштеп жер аударды. Қуғын-сүргін жылдары 100 мыңға жуық қазақстандықтар қамауға алынып, олардың 20 мыңнан астамы ату үкіміне кесілді. Жазықсыз сотталғандар қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров және басқа да көптеген көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлер бар.

Бірнеше жыл бойы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Алаш қайраткерлері – өлке тарихында» және «Музей коллекцияларындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихы» жобалары аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, оның нәтижесінде құнды материалдар жиналып, «Тәуелсіздік Рухы» залында ұсынылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img