spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
2.5 C
Kokshetau

8 мыңнан астам ақмолалық бүлдіршін тегін үйірмелерге қатысады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Ақмола облысының мәдениет мекемелерімен балалардың халық шығармашылығы мен өнерін насихаттау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Ақмола облысында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, өнерге деген қызығушылықты арттыру, эстетикалық тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін жан-жақты кеңейту мақсатында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберінде шығармашылық тапсырыстарды жан басына нормативтік қаржыландыру бағдарламасы белсенді іске асырылуда.

Бүгінгі таңда облыстың 8 мыңнан астам балалары тегін шығармашылық үйірмелерге қатысады (олардың ішінде ұлттық (халықтық) билер, заманауи (эстрадалық) билер, балет, кескіндеме (сурет салу), графика, актерлік және режисерлік өнер, домбыра, домбырамен ән айту, шешендік өнер және басқалар).

Бағдарламаны іске асыру үшін 2022 жылға 1,35 млрд.теңге бөлінді.

1 маусым – балалар үшін ең қуанышты мерекелердің бірі және ата-аналардың өз балаларына қуаныш пен махаббат сыйлау мүмкіндігі.

Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қоғамда әлеуметтенуіне бағытталған «Мейірімді жүрек» облыстық инклюзивті балалар фестивалі ұйымдастырылды. Аталмыш жоба қоғам тарапынан ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге кеңінен көңіл бөліп, олардың әлеуметтенуіне үлкен септігін тигезбек.

Ақмола облысы мәдениет басқармасымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Ақмола облыстық музейлерімен «Балғын балалар» атты көңілді старт жарыстары, «Балалық шағым – балауса бағым» атты ашық есік күні, «Мен суретшімін» атты асфальтта түпнұсқа суреттер салу байқауы, «Бақытты балалық шақ» атты Көкшетау қалалық балалар көркем сурет мектебі оқушыларының шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады.

Облыстық театрлардың шығармашылық ұжымдары кішкентай көрермендері үшін «Алтын балапан» мен «Приключения в Простоквашино» ертегілерінің қойылымдарын ұсынады. Іс-шара қонақтарын ертегі кейіпкерлері қарсы алып, балалармен флешмоб пен жұмбақтары бар ерекше, сиқырлы балалар ойын-сауық бағдарламаларын өткізеді. Барлық қатысушыларды тәтті тосынсыйлар күтеді.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы мен «Көкшетау» мәдениет сарайы мекемелерінің алаңдарында кішкентай бүлдіршіндер үшін ауқымды концерттік бағдарламасы, көңілді ойындары мен билері бар мерекелік ойын-сауық бағдарламалары жоспарланған.

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында «Мен бақытты баланы» атты мерекелік балалар іс-шарасы өтеді, онда кішкентай көрермендердің назарына музыкалық-театрландырылған көрініс, жазғы марафон отырысы және балалар арасындағы суреттер байқауы ұсынылады.

«Достар» мәдениет сарайында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ауызша халық шығармашылығын насихаттау, жастардың ой-өрісін кеңейту мақсатында 5-7 сынып оқушылары арасында «Тазша бала» байқауы ұйымдастырылады. Байқау 3 кезеңде өтеді.

«Достар» мәдениет сарайының алаңында «Балалық шақтың сиқырлы әлемі» кітап бульвары өтеді, онда кішкентай келушілерге ертегі кейіпкерлерімен театрландыру, көңілді старттар, асфальтта сурет салу конкурсы, түрлі викториналар, акциялар, сабын көпіршіктерінің шоуы және тәтті сыйлықтарды тарату ұсынылады.

Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін тегін мерекелік ойын-сауық іс-шараларымызға шақырамыз! Кішкентай балақайлар үшін түрлі викториналар, көңілді ойындар, қызықты қойылымдар мен тәтті сыйлықтар таратылады. Келіңіздер! Көріңіздер!

Болашақ ұрпақ – біздің балақайларымыз әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз! Барлық балаларды келе жатқан төл мерекелерімен құттықтаймыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img