spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
16 C
Kokshetau

Қаңтар оқиғаларынан кейін қанша адам қамаудан босатылғаны белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаңтар оқиғаларына байланысты 9 257 әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы оқиғаларда жасалған қылмыстардың мән-жайларын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Ел Президентінің ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күні соттар қаңтар оқиғаларына байланысты 9 257 әкімшілік істі қарады. Олардың жартысына жуығы ешқандай жаза қолданбай қаралды – 4 584 адамға сот ескерту жасады», – деді Е. Қилымжанов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта прокурорлардың өтініштері бойынша қамауға алудан 1 149 адам босатылды, 577-сі бойынша айыппұлдар ескертулерге ауыстырылды, 393-і әкімшілік іс құрамы болмауына байланысты толығымен тоқтатылды.

«Осылайша, сотпен әкімшілік қаумауға алынған 3 314 адамның ішінен бүгінгі күні тек 63-і қамауда қалғанына ерекше назар аударамын. Бұл ретте прокурорлардың әкімшілік жазаны жеңілдетуге арналған тағы 13 өтінішхаты соттарда қаралуда», – деді Елдос Қилымжанов.

«Жалпы, биылдың 25 қаңтарындағы жағдай бойынша жедел-тергеу топтарының өндірісінде 2 044 қылмыстық іс бар. Осы істер бойынша 898 күдікті ұсталған. Олардың ішінен 802-сі соттың санкциясымен қамауға алынды, 50-іне үй қамағы, ал 21 адамға кепіл, 12-іне ешқайда кетпеу қолхаты тағайындалды. 13-і бойынша бұлтартпау шарасы туралы мәселе қаралуда», – деді Бас прокуратура өкілі.

https://www.inform.kz/kz/kantar-okigalarynan-keyin-kansha-adam-kamaudan-bosatylgany-belgili-boldy_a3890737

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img