spot_img
Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
6.2 C
Kokshetau

Пандемия соңы туралы айтуға әлі ерте – ДДСҰ басшысы

Сондай-ақ...оқыңыз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 пандемиясының өткір кезеңі аяқталуы мүмкін деген болжамнан сақтандырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасай отырып.

ДДСҰ басшысының айтуынша, омикрон маңызы бар соңғы штамм және пандемия жақында аяқталады деп ойламау керек.

«Пандемия қалай дамитыны және өткір кезең қалай аяқталуы мүмкін екені туралы түрлі сценарий бар. Бірақ омикрон соңғы штамм болады немесе пандемия аяқталады деп болжау қауіпті. Керісінше, әлемдік деңгейде жаңа штамдардың пайда болуына әкелетін түрлі жағдайлар бар», – деді Тедрос ДДСҰ атқарушы кеңесінің отырысында.

Сонымен қатар, Гебрейесус коронавирус биыл денсаулық сақтау саласындағы жаһандық дағдарыс бола алмайтынын айтты. Алайда бұл үшін жылдың ортасына қарай әр мемлекет халқының 70 пайызы вакцина алуы, сондай-ақ, вакцинация жүйесін жақсартуы қажет.

«Биыл COVID-19-ды жаһандық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ретінде тоқтата аламыз», – деді ол.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ұлы Отан соғысында қайтыс болған екі бурабайлық майдангердің зираты табылды

«Көкше-Іздеу» әскери-патриоттық іздестіру клубы Бурабай ауданының Көрнекті ауылынан екінші дүниежүзілік соғысқа аттанып, майданда тұтқынға түсіп, сол тар қапаста қаза...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img