spot_img
Сейсенбі, Қараша 10, 2026
-3.1 C
Kokshetau

Футзалдан Еуропа чемпионаты: Испания мен Грузия жеңіске жетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысы топтық кезеңіндегі төртінші ойын күнінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, 21 қаңтарда D тобындағы құрамалар сынға түсті. Бұл күні Испания Босния және Герцоговинаны 5:1, Грузия Әзербайжанды 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Енді аталған топта 26 қаңтарда Босния және Герцоговина мен Грузия, Испания мен Әзербайжан құрамалары шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, бүгін А тобында алғашқы тур ойындары өткізіледі. Аталған топта Сербия мен Украина, Португалия мен Нидерланды құрамалары сынға түседі.

Еске салсақ, В тобында ойнайтын Қазақстан бірінші турда Словениямен 4:4, Италия мен Финляндия 3:3 есебімен тең түсті.

Екінші турда 24 қаңтарда Италия мен Словения, Қазақстан мен Финляндия алаңға шығады.

Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай өңірді мерекелік безендіру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда облыс қалалары мен аудандарында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика