spot_img
Жексенбі, Наурыз 3, 2024
-8.5 C
Kokshetau

Ревакцинацияға арналған жаңа вакцина келесі аптада келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға Covid-19-ға қарсы «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілгенін хабарлады. Облыстың бас дәрігері Нариман Сыздықов вакцина келесі аптада аймаққа келетінін айтты, деп хабарлайды Aqmola News, ақпарат берген өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ведомство басшысы облыстық вакцинация пункттерінде қандай вакциналарды егуге болатындығын айтты.

«Ревакцинацияны «Спутник V», «Спутник Лайт», «QazVac», сондай-ақ «VeroCell» вакциналарымен жүргізуге болады. Халықаралық сертификатты алу үшін азаматтар жиі «VeroCell» пайдаланады. Алайда, зерттеулерге сәйкес, оның тиімділігі отандық «Qazvac» вакцинасына қарағанда төмен», – деп атап өтті Нариман Сыздықов.

Вакцинаны таңдау – әр азаматтың құқығы.

«Біз қазір қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Келесі аптада «Спутник Лайт» ревакцинациясы басталады деп ойлаймын», – деп қорытындылады спикер.

Жалпы, 2021 жылдың ақпан айынан бастап бірінші компонентпен – 338 549 адам (70,7%) егілді, ал екінші – 312 725 адам (65,3%).
«Comirnaty» вакцинасының бірінші компонентімен бес мың адам егілді, екіншісі – үш мың.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img