spot_img
Жұма, Наурыз 28, 2025
1.2 C
Kokshetau

9 ауданнан 70-ке жуық оқушы қатысқан «Туристік шаңғыда» облыстық фотобайқауы онлайн режимінде өтті.

Сондай-ақ...оқыңыз

Шараны Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ұйымдастырды.

Іс-шара спорттық туризмді танымал етуге, оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға жас туристердің шаңғы жорықтары мен табиғатта серуендеу кезінде жасаған фото жұмыстары ұсынылды.

Қатысушылардың жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды: байқау тақырыбына сәйкестігі, фотобейнені жалпы қабылдау, шығарманың көркемдік деңгейі, идеяның бірегейлігі және жұмыс мазмұны, орындау техникасы мен сапасы.

Жалпы есеп қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
Біржан сал ауданы – 1 орын;
Атбасар ауданы-2 орын;
Жақсы ауданы -3 орын.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Құттықтаймыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Ауыл аманаты» бағдарламасы: ауылдық жерлердегі табыс пен өмір сапасын арттыру

2023 жылдан бері Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img