spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында карантиндік шаралар жеңілдетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының аумағында карантиндік шараларды жеңілдету туралы жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс уақыты сағат 03:00-ге дейін, «көшбасшылар» үшін 05:00-ге дейін ұзартылды. Ал жобаға қатыспайтын кейбір объектілер шектеу талаптарын сақтап, 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, алкоголь ішімдіктері сатылмайтын асхана типі бойынша (үй-жайдағы) қоғамдық тамақтандыру объектілері көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, ас беру, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбестен, толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Фуд-корттар жұмыс режимін сағат 10-нан 18-ге дейін шектей отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Банкет залдарының (ас беруді өткізу үшін, мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) жұмыс режимі сағат 9-дан 02-ге дейін, толтырылуын 30 пайыздан асырмай, бірақ 50 адамнан аспайтын кезде жүзеге асырылады.

Діни объектілерде (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т.б) ас беру тиым салынады.

Сауналар, СПА орталықтары, бассейндер, спорттық кешендер, спорт- сауықтыру орталықтары және фитнес орталықтары, йога орталықтарына сағат 07-ден 00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«Ashyq» жобасы қатысушылары іс-шараларды қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинация, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижемен ПТР-тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш ай ішінде ауырып жазылған адамдар) 50 пайызға дейінгі толымдықпен, бірақ 70 орыннан аспайтындай тәртіппен өткізе алады.

«Ashyq» көшбасшыларында толымдық 60 пайызға дейін, орындар саны 70-тен аспауы қажет. «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін жұмыс уақыты сағат 03:00-ге дейін, «көшбасшылар» үшін 05:00-ге дейін ұзартылды. Ал жобаға қатыспайтын кейбір объектілер шектеу талаптарын сақтап, 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі», – делінген қаулыда.

Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда объектілердің жұмысына жол беріледі. «Мемлекеттік органдар (ұйымдар мен кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері қызметіне рұқсат беріледі.

Бұл ретте, штаттық кестеде 70-ден артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 30 пайызы қашықтан жұмыс атқарады. COVID-19-ға қарсы толық вакцинация курсын алған және соңғы 3 айда COVID-19-бен ауырған барлық қызметкерлерге мекемеде жұмыс атқаруға рұқсат беріледі», – деп көрсетілген жаңа қаулыда.

Қаулы 2022 жылдың 1і қаңтарында сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-karantindik-sharalar-zhenildetildi_a3880561

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-karantindik-sharalar-zhenildetildi_a3880561

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img