spot_img
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
14.2 C
Kokshetau

«Мектепті жарамын» деп қорқытқан павлодарлық азамат ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Полиция №17 мектепті жарып жіберемін деп қорқытқан 44 жастағы Павлодар тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 18 желтоқсанда болғаны хабарланды. Оқу орнына келген жедел-тергеу тобы ғимаратқа бір жарым сағаттан астам тексеру жұмыстарын жүргізген. Алайда жарылыс қаупі бар заттар анықталмады.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде қоңырау шалушы азамат анықталып, ұсталды. Ол мас күйде болған 44 жастағы Павлодар тұрғыны болып шықты. Жалған қоңырауды шалудың себебін ер адам түсіндіріп бере алмады.

Облыстық департамент аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының 1-бөлігі «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы өткізілді

«Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы: таза болашаққа қадам. Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы Восточная көшесі бойында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика