spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
10.3 C
Kokshetau

18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде солтүстік-батыс циклон жырасының ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, төмен бұрқасын күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында көктайғақ, түнде облыстың шығысында 15-20 м / с жел күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде боран, тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысының батысында, күндіз басым бөлігінде көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында боран соғады. Қызылорда облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктерінде, түнде Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img