spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
7.3 C
Kokshetau

Украиналық депутат Рада отырысына шапан киіп барды

Сондай-ақ...оқыңыз
Украиналық депутат Сергей Нагорняк Жоғарғы Рада отырысына Қазақстан туының түстерінен жасалған киіммен барды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сергей Нагорняк Украинаның Жоғарғы Радасына Черкассы облысының атынан шыққан. Ол – «Слуга народа» саяси партиясы фракциясының мүшесі, Қазақстанмен парламентаралық байланыстар тобының жетекшісі.

16 желтоқсанда Жоғарғы Рада отырысында депутат сөз алып, әріптестерін Қазақстан халқын құттықтауға шақырды.

«Бүгін көпшілік менің киіміме назар аударды. Бұл кездейсоқ емес. Киімім біздің достас мемлекетіміз – Қазақстанның түсінде. Бүгін Қазақстан тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуын атап өтіп жатыр. Мен оларды Жоғарғы Рада ұжымының атынан Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. Бүгінгі таңда біздің сауда балансымыз бір миллиард доллардан сәл аз. Біз оны екі-үш есе емес, он есе ұлғайта аламыз деп ойлаймын. Біздің достық тобымыз бүгінде 40 депутаттан тұрады, бұл үшін бәріміз бірге жұмыс істейміз. Қазақ достарымызды Тәуелсіздік күнімен қошеметпен құттықтаймыз», – деді Сергей Нагорняк.

Айта кетейік, украиналық депутат көк костюм киген, жейдесінде Қазақстан туының элементтері бейнеленген. Ол Facebook желісіндегі парақшасында суретін жариялады. Онда Нагорняк қара шапан кигенін де көруге болады.

«Тарихымыз ортақ, дәстүріміз ұқсас. Бірақ ең бастысы көзқарасымыз ұқсас, демек, болашағымыз да ортақ. Мен сіздерге сенемін, Қазақстанның ұлы халқы! Достығымызды бағалаймын! Тәуелсіздік күні құтты болсын! 30 жылдықпен құттықтаймын!», – деп жазды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img