spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
14.7 C
Kokshetau

Ауғанстан БҰҰ жанындағы өкіл міндетін атқарушыны тағайындады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ауғанстан бұрынғы тұрақты өкіл Гулам Исакзайдың орнына БҰҰ жанындағы өкіл міндетін атқарушы ретінде Насир Ахмад Фаикті тағайындады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Ауғанстан Ислам Республикасының Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесші-өкіл қызметін атқаруды Насир Ахмад Фаик өз қолына алды», – делінген Ауғанстан өкілдігінің Twitter-де жариялаған хабарламасында.

Ауғанстан өкілдігі елдегі ауыр гуманитарлық жағдайға қарсы күресу үшін БҰҰ басшылығы және мүше мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін салатыны айтылды.

Бұған дейін «Талибан» қозғалысы БҰҰ-ға хат жіберіп, бұрынғы үкімет тағайындаған Ауғанстанның тұрақты өкілі Гулам Исакзай енді қызметін жалғастырмайтынын мәлімдеген еді. Талибан БҰҰ-дағы Ауғанстанның жаңа өкілі ретінде Мохаммад Сухейл Шахин тағайындалғанын айтты.

«Талибан» қозғалысы билікке келгеннен кейін Исакзай тәліптерді бірнеше рет сынады. Ол бұл қозғалысты адам құқықтарын бұзды деп айыптады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика