spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Оптимистік сценариймен келе жатырмыз – Цой

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай оптимистік сценарий бойынша келе жатқанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әлемде 270 миллионнан аса COVID-19 жағдайы тіркелген, тәулігіне 400 мыңнан аса жағдай. 5 миллионнан аса адам қайтыс болды. ДДСҰ Еуропалық аймағының мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің ішінде 19 елде ауру деңгейі өскені байқалады. Екі апта ішінде аурушаңдық Францияда едәуір байқалды, онда ауру 100 пайыздан аса, Португалияда 50 пайыздан аса, Швецияда 60 пайыздан аса, Италияда 50 пайызға жуық өсті. Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық 31 пайызға төмендеді. Оптимистік сценариймен келе жатырмыз», – деді Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанда аурушаңдық 31 пайызға төмендеген. Бір миллион халыққа шаққандағы дүниежүзілік рейтингте Қазақстан аурушаңдық бойынша 110-орында, өлім-жітім бойынша 222-нің ішінде 102-орында тұр. Республикада ПТР-сынамасы оң нәтиже берген 980 372 коронавирус инфекциясы жағдайы және ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 83 437 жағдай тіркелген. Науқастардың 96 пайыздан астамы сауығып кетті.

Репродуктив сан – 0,89 және тамызбен салыстырғанда 1,2 есе төмендеу байқалады.

«Жалпы, Қазақстанда соңғы айда сырқаттану 3,1 есеге, стационарлық және амбулаториялық науқастар саны 1,7 есеге азайды. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 23 пайыз, реанимациялық төсектердің толуы 20 пайыз болды», – деп толықтырды Алексей Цой.

Сондай-ақ, вакцинация бойынша, 1-компонентті 8,8 миллион адам алды, ересек халықтың 77,8 пайызы. 2-компонентті 8,3 миллион адам алды, яғни ересек халықтың 72,9 пайызы. Қазақстанда бірінші компонентті салдырғандар – 47,6 пайыз, екінші компонентті салдырғандар – халықтың 43,8 пайызы.

Бүгінде Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентін 188 906 адам, оның ішінде 150 669 жасөспірім және 38 237 жүкті және емізетін әйел салдырған.

Қазақстанда 136 мың азамат ревакцинациядан өткен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img