Ресейлік «Спутник V» вакцинасының «омикрон» штамына қарсы тиімділігі 10 күн ішінде тексеріледі. Бұл туралы Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Менің ойымша, тиімділікті тексеру үшін 10 күн жеткілікті», – деді Гунцбург.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қарашаның аяғында өткен шұғыл жиналыстан кейін Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың жаңа нұсқасын «алаңдаушылық тудыратын» санатқа жатқызды. ДДСҰ жаңа B.1.1.529 штамын гректің «омикрон» әрпімен атады.



