spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Беларусьпен шекарада поляк сарбазы жараланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Беларусьтен келген заңсыз мигранттар шекараға шабуыл жасаған кезде поляк сарбазы жараланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Бүгін Черемши ауданындағы поляк-белорус шекарасы учаскесінен 55 адам шекараны кесіп өтті. Поляк әскерінің бір сарбазына тас тиді. Сол жерде оған көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.

Шекара күзетінің өкілі Анна Михалскаяның айтуынша, мигранттар тобы шекарадан өткен. «Осыдан кейін олардың бәрі ұсталып, шекара сызығына жеткізілді», – деді ол.

Жыл басынан бері Польша шекарашылары Беларусь шекарасынан заңсыз өтуге тырысқан 40 мыңға жуық деректі тіркеген. Бұл былтырғымен салыстырғанда он есе көп. Қарашада 8,9 мыңдай, қазанда – 17,4 мың, қыркүйекте – 7,7 мың, тамызда 3,5 мыңдай әрекет анықталған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img