spot_img
Жұма, Шілде 10, 2026
22.7 C
Kokshetau

Тісін емдеуге барған баланың өлімі: БАҚ жаңа мәлімет жариялады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Невские новости» құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап, Санкт-Петербургтегі жеке стоматологиядағы баланың өлімі туралы мәліметі жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, алты жасар баласы бар ана медициналық мекемеге жоспарлы тексеруден өтуге келген.

Тіс емдеу алдында әйел анестезиологпен кеңескен, ал ұлын педиатр қараған. Сонымен қатар, әйелге рәсімге қажетті медициналық құжаттармен танысуға рұқсат берілген.

«Кәмелетке толмаған баланың мұрнына маска кигізіліп, наркоз беру басталғаннан кейін, шамамен екі-үш рет тыныс алған соң, екі-үш секундта науқастың жүрегі тоқтап қалған. 45 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізілді. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасы шақырылған», – деп жазды басылым.

Тергеу комитетінің қалалық әкімшілігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика