spot_img
Бейсенбі, Қазан 8, 2026
10.2 C
Kokshetau

АҚШ-та жойқын құйыннан 80 адам қаза болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Сенбіде шетелдік БАҚ америкалық Иллинойс, Миссури, Арканзас, Кентукки және Теннесси штаттарын басып өткен торнадо салдары туралы жазды. Табиғи апат салдарынан қазірдің өзінде 80 адам қаза тапқан. Құрбандар саны әлі де көбеюі мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Табиғат апаты Кентукки штатына орасан зор шығын әкелді, шам зауыты құлағаннан кейін ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті.

©Reuters

The Wall Street Journal мемлекетке келген зиян туралы жазды. Кентуккидегі кем дегенде бір қала «толық қираған болуы мүмкін», – деп жазды газет.

©Reuters

Twitter қолданушылары АҚШ-тың шығысындағы жойқын дауыл салдары түсірілген видео жариялады.
Кадрларда бүкіл қала қирандыға айналғанын көруге болады.

New York Times газеті мәліметінше, дауыл салдарынан 200 мыңнан аса адам жарықсыз қалған.

©Reuters

©Reuters

Иллинойс штатындағы дауыл салдарынан Amazon онлайн сату желісінің қоймасы құлап, қаза тапқандар саны алтыға жетті.

©Reuters

Washington Post мәліметінше, алты штатта 30-дан аса торнадо соққан. АҚШ президенті Джо Байден Кентукки штатында төтенше жағдай жариялап, дауылдар сериясы «тарихтағы ең жойқын оқиғалардың бірі» болғанын айтты.

©Reuters 

РИА Новости агенттігі мәліметіне сүйенсек, АҚШ-тағы Ресей елшілігі АҚШ-тың бірқатар штатында болған апаттан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

«Елшілік Америка Құрама Штаттарының орталық аймақтарында болған жойқын торнадо сериясында қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Табиғи апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетуін тілейміз», – делінген дипломатиялық өкілдіктің Facebook-тегі хабарламасында.

©Reuters

АҚШ президенті Джо Байден зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін федерал ресурстарды бөлуді тапсырды.

©Reuters

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Ақмола облысында жедел ахуал тұрақты сақталып, қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Өңірлік полиция департаментінің 2026 жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика