spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Түркістан облысында анасына ренжіген екі оқушы қыз үйден кетіп қалған

Сондай-ақ...оқыңыз
Түркістан облысында жоғалған екі бірдей жасөспірім қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұқсас жаңалықтар Алматыда жоғалған 15 жастағы жасөспірім ШҚО-да табылды Төлеби АПБ-ға жергілікті 2 әйел хабарласып, өздерінің 9-сынып оқитын қыздары мектепке кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. 14 жасар қыздардың аналары өз бетінше іздеп таппаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.
Тәртіп сақшылары хабар алысымен кәмелет жасына толмаған екі бірдей қызды табуға бірден кірісті. Баруы мүмкін деген аймақтарды жіті бақылап, барлық туыстары мен достарынан жауап алды. Осылайша полицейлер табандылықпен жасалған жұмыстың нәтижесінде аз уақыт ішінде жоғалған екі қызды мегополистен тапты. Белгілі болғандай, қыздар жоғалардан бұрын отбасында ата-анасының арасында жанжал туындаған. Осының салдарынан екі қыз өзара ақылдасып, үйден кетіп қалуды көздеген. Содан соң мектептен шығып, өздерінің жинап жүрген ақшаын алып, Шымкент қаласына қарай бағыт алған. Өз кезегінде жасөспірім қыздардың аман-есен табылғанына қуанған аналары Төлеби полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысын жеткізді. Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
«Сонымен қатар қыздарыңызбен сырласып, ойын толық тыңдауға шақырады. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда, тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар» дейді полицейлер. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img