spot_img
Жұма, Қыркүйек 4, 2026
25.2 C
Kokshetau

Францияда дәрігерлер ереуілге шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірдің бірнеше қаласында медицина қызметкерлері ереуілге шығып, еңбек жағдайын жақсартуды сұрап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың ең ірісі ел астанасы Парижде өткен. Наразы топ еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр. Өйткені мемлекеттік ауруханаларды қаржыландыру қысқарған. Ал елде қазір коронавирустың бесінші толқыны жүріп жатыр. Бар ауыртпалық медицина қызметкерлерінің мойнына түскен. Алайда вакцина салдырудан бас тартқан 15 мың ақ халатты жұмысынан шеттетілген.

Салдарынан қазір маман тапшы. Соған байланысты ауруханалар әрбір бесінші науқасты қабылдай алмай жатыр. Өйткені оны қарайтын қызметкер жетіспейді. Сарапшылар елдегі эпидахуал жақын арада жақсара қоймас деп топшылап отыр. Сондықтан дәрігерлердің жұмысы көбеймесе, азаятын түрі жоқ дейді ереуілге қатысушылар.

– Мен жұмыс істейтін ауруханада науқастарды жатқызатын орын жоқ. Кейбіреулері қабылау бөлімінде қалып қояды.

– Біздің госпитальдегі жағдай қиын. Анестезиологтар жетіспейді. Оларды интернатурада оқитын азаматтар алмастырып жүр. Медицина қызметкерлерінің 25 проценті жұмыстан шығып кетті. Өйткені әбден шаршаған. Біздің де қазіргідей қиын жағдайда жұмыс істегіміз келмейді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Заң мен тәртіп» – жауапты қоғамның негізі

Абай Мырзахметов атындағы университетте жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында студенттермен кездесу өтті. Кездесуді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика